Құрылтай — 23 тамыз
USD
USD
USD

Мәулен Әшімбаев Түркияның Қазақстандағы елшісін қабылдады

Сенат төрағасы Мәулен Әшімбаев Түркияның Қазақстандағы Төтенше және Өкілетті Елшісі Уфук Екиджиді қабылдады.

Мәулен Әшімбаев Түркияның Қазақстандағы елшісін қабылдады
Фото: NEGE.kz

Алматы, NEGE. Кездесу барысында тараптар сауда, экономика, мәдениет және білім беру салаларына қатысты екіжақты өзара іс-қимыл мәселелерін талқылады. «Түркия – еліміз үшін саяси, мәдени және экономикалық-инвестициялық тұрғыдан маңызды стратегиялық серіктес мемлекет.

Тәуелсіздігіміздің алғашқы күндерінен бастап қазақ-түрік байланыстары барлық салада қарқынды дамып келеді. Бүгінде мемлекеттеріміздің басшылары арасындағы тұрақты қарым-қатынастың арқасында өзара ынтымақтастық жоғары деңгейге көтерілді», – деді Мәулен Әшімбаев. Сонымен қатар сұхбаттасушылар Түркітілдес мемлекеттердің ынтымақтастық кеңесі аясында түркітілдес халықтардың интеграциясын дәйекті түрде дамыту мәселелеріне назар аударды.

Одан бөлек, Сенат Спикері бүгінде екі мемлекет арасында парламентаралық ынтымақтастық та белсенді дамып келе жатқанын атап өтті. Мәулен Әшімбаев бұл бағытта Түркітілдес елдердің Парламенттік Ассамблеясы маңызды жұмыс атқарып келе жатқанын айтты.

Қазір оқып жатыр

Тоқаев қазақстандықтарды Құрылтай сайлауына қатысуға шақырды

Тоқаев

eGov пен мемлекеттік сервистердің уақытша істен шығу себебі айтылды

eGov

Магистратура бойынша грант иегерлерінің тізімі қашан жарияланады?

грант

ФИФА Қазақстанда балалар мен жасөспірімдер футболын дамытуға 250 мың доллар бөлді

ФИФА