USD
USD
USD

Мәулен Әшімбаев сотталған Күдебаевтың түрмедегі суретіне қатысты пікір білдірді

Сенат төрағасы Мәулен Әшімбаев сотталған Серік Күдебаевтың желіде тарап кеткен түрмедегі суретіне және Ақмола облысындағы түрмедегі азаптау оқиғасына қатысты пікір білдірді.

Мәулен Әшімбаев сотталған Күдебаевтың түрмедегі суретіне қатысты пікір білдірді
Фото: NEGE.kz

Алматы, NEGE. Мәулен Әшімбаев Алматы облыстық полиция департаментінің бұрынғы бастығы, Қаңтар оқиғасынан кейін сотталған Серік Күдебаевтың Өскемен түрмесіндегі суретіне қатысты сұраққа жауап берді. Сенат төрағасы бұл деректер қылмыстық-атқару жүйесіндегі салада айтарлықтай проблема бар екенін аңғартады деп айтты.

"Сенаттың Конституциялық заңнама, сот жүйесі және құқық қорғау органдары комитеті бар және бұл комитет құқық қорғау органдарымен тығыз байланыста жұмыс істеп жатыр. Аталған комитет құрамындағы депутаттар Үкімет мүшелерін шақырып, бұл мәселеге қатысты талдау жасаймыз. Қылмыстық-атқару жүйесінде проблемалардың бар екенін мойындауымыз керек", – деді палата төрағасы Мәулен Әшімбаев. 

Қазір оқып жатыр

Қазақстан соңғы 15 жылдағы ең мол астықтың бірін жинады

Астық

Қазақстан ірі халықаралық букмекерлік компанияның иелеріне іздеу жариялады

.

Көкшетауда бір ай бұрын әріптесінің мәйітін тапқан сот қызметкерінің өзі өлі табылды

Жол апаты

Семейде сот ғимаратының алдында өзін өртеген ер адам көз жұмды

Абай облысы соты