USD
USD
USD

Мәулен Әшімбаев коронавирус жұқтырды

Сенат спикері Мәулен Әшімбаев коронавирус жұқтырды. Бұл туралы ол Facebook-те жазды.

Мәулен Әшімбаев коронавирус жұқтырды
Фото: NEGE.kz

Алматы, NEGE."Құрметті достар! Барынша сақтанып жүргеніме қарамастан, соңғы сынама нәтижесінде коронавирус індетін жұқтырғаным анықталып отыр. Бірақ бойымда аурудың ешқандай белгілері жоқ. Әйтсе де оқшауланып, мамандардың барлық талаптарын қатаң сақтаудамын. Соған байланысты жұмысты да қашықтан жалғастырамын", - деп жазды Сенат депутаты.

Әшімбаев пандемия екпіні әлі бәсеңдемегенін айтты.

"Сондықтан арқаны кеңге салып, сақтық шараларына бейжай қарауға болмайды. Бұл, ең алдымен, өзіміз және туған-туыстарымыз үшін аса маңызды. Ендеше індеттің алдын алуға баса мән берейік. Аман болыңыздар", - деді ол.

Қазір оқып жатыр

Алатау қаласында алғашқы зәулім ғимараттың құрылысы басталды

Алатау қаласы

Түркияда қазақстандық әйел алтыншы қабаттан құлап көз жұмды

DHA

Уразбахтин «Қайрат» клубының бас бапкерлігінен кетті

Футбольный клуб «Кайрат»

Мәслихат депутаттығына кандидаттардың сайлау шығыны бекітілді

Құрылтай сайлауы