USD
USD
USD

Мәулен Әшімбаев Қырғыз Республикасының Төтенше және Өкілетті Елшісін қабылдады

ҚР Парламенті Сенатының Төрағасы Мәулен Әшімбаев Қырғыз Республикасының Төтенше және Өкілетті Елшісі Жээнбек Кулубаевпен кездесті.

Мәулен Әшімбаев Қырғыз Республикасының Төтенше және Өкілетті Елшісін қабылдады
Фото: NEGE.kz

Алматы, NEGE. Сенат Төрағасы кездесуді аша келіп, тату көршілік, тарихи ортақ тамырластық, тіл мен мәдениет ғасырлар бойы қазақ және қырғыз халықтарын бауырластық пен достық қатынастармен байланыстырып келе жатқанын атап өтті.

Қазіргі уақытта Қырғызстан Қазақстанның маңызды стратегиялық әріптестерінің бірі болып отыр.

Мәулен Әшімбаев парламенттік өзара іс-қимыл қазақ-қырғыз қатынастарын нығайту факторларының бірі болып саналатынын атап өтті.

М. Әшімбаев пен Ж. Кулубаев парламентаралық, әлеуметтік-мәдени, сауда-экономикалық өзара іс-қимыл бойынша екіжақты ынтымақтастықтың ауқымды мәселелерін талқылады.

«Осы жылдың күзінде Қырғызстанда сайлау өтетіні және Жогорку Кенештің жаңа құрамы қалыптасатыны белгілі. Парламенттік байланыстардағы ынтымақтастыққа одан әрі қарқын беру маңызды деп санаймын. Екі елдің өзара қарым-қатынасын дамытуға парламенттер ықпал ете алатын бірқатар мәселелер бар. Осыған байланысты парламентаралық қызметті одан әрі арттырудың маңызы зор», - деп атап өтті Мәулен Әшімбаев.

Қазір оқып жатыр

Павлодар қаласында ЖЭО аумағында өрт шықты

Оқиға орны

Сот Жамбыл облысының экс-әкімі Кәрім Көкірекбаевты жазадан босату туралы қаулының күшін жойды

Кәрім Көкірекбаев

Қостанай облысында ер адамға қасқыр тап берді

Қасқыр

Қазақстанда жаңа Азаматтық кодекс әзірленіп жатыр

Қасым-Жомарт Тоқаев, Айбек Дәдебай