USD
USD
USD

Мәулен Әшімбаев «Қарметтің» жаңа басшылығына қатысты пікір білдірді

Парламент Сенатының төрағасы Мәулен Әшімбаев «Қарметтің» жаңа иесіне қатысты өз пікірін білдірді, деп хабарлайды Kazinform.

Мәулен Әшімбаев «Қарметтің» жаңа басшылығына қатысты пікір білдірді
Фото: NEGE.kz

Астана, NEGE. «Барлық атқарылатын іс-шаралар Үкіметтің тікелей бақылауында болады. Мемлекет басшысы тиісті тапсырманы жүктеді. Сол себепті депутаттар да осы мәселені бақылауда ұстап, үнемі кәсіпорынға барып, ондағы жағдайға мониторинг жасаймыз. Инвестор өзіне алған барлық міндеттемені толықтай орындайды деп сенеміз» - деді М. Әшімбаев Сенаттың жалпы отырысынан кейін тілшілер сұрағына жауап бере отырып.

Осы орайда Сенат төрағасы кәсіпорынға қомақты инвестиция салынатынын айтты.

«Бұл мәселенің барлығы бақылауда болады. Кәсіпорын басшылығы өндірісті ары қарай дамытып, алға қойылған міндетті орындап, жұмыс орындарын сақтап, табысты еңбек етеді деп сенеміз», - деді Мәулен Әшімбаев.

Қазір оқып жатыр

«Әр мәселенің артында нақты адам тұр»: сарапшы сапасыз бензин туралы

Decaf.

86 млн теңгелік автошеру: «ҚазТрансГаздың» бұрынғы басшысы Санжар Боқаевтың рөлі туралы айтты

Боқаев

Қорғаныс министрі әскери қызметте қаза тапқан сарбаздардың туыстарымен кездесті

Gov

Бурабайда орманды қоршаған құрылысшылардың рұқсат құжаты жоқ болып шықты

Бурабай