USD
USD
USD

Мәулен Әшімбаев II Елизавета патшайымды жерлеу рәсіміне қатысты

Сенат спикері Мәулен Әшімбаев Ұлыбританияда ІІ Елизаветаны мемлекеттік жерлеу рәсіміне қатысты.

Мәулен Әшімбаев II Елизавета патшайымды жерлеу рәсіміне қатысты
Фото: NEGE.kz

Алматы, NEGE. Сенат cпикері 18 қыркүйекте Вестминстер холлында Патшайымның табытын зиярат ету рәсіміне қатысып, Қазақстан Республикасының атынан ресми көңіл айту кітабына жазба қалдырды.

Ол II Елизавета аса көрнекті көшбасшы және британ ұлтының бірлігі мен тұрақтылығының символы болғанын, алдағы уақытта да Патшайымның тектілігі, қадір-қасиеті мен жетістіктері әлемдегі миллиондаған адамды жігерлендіре беретінін атап өтті.

Сол күні Мәулен Әшімбаев Букингем сарайында Король ІІІ Чарльздің Еуропа, Таяу Шығыс және Азия елдерінің, үкіметтер мен халықаралық ұйымдардың басшыларының және корольдік отбасы мүшелерінің құрметіне арналған қаралы қабылдауына қатысты.

"18 қыркүйекте Сенат төрағасы Вестминстер холлында Королевамен қоштасу рәсіміне қатысып, ресми көңіл айту кітабына Қазақстан Республикасы атынан жазба қалдырды. Ол II Елизавета ерекше көшбасшы және ұлттың бірлігі мен тұрақтылығы символы болғанын, оның ерекше тектілігі, қадір-қасиеті мен жетістіктері бүкіл әлемдегі миллиондаған адамды шабыттандыратынын атап өтті", - делінген хабарламада.

Қазір оқып жатыр

«Қазақстанға Алланың азабы керек»: желіде халқына қарғыс тілеген мұғалім кешірім сұрады

желіде пікір білдірген мұғалім кешірім сұрады

Дания Еспаева: Депутаттардың жалақысы 600 мың теңгеден басталады

жаңа құрам

Пайда жұқарды, бірақ қарыз қалың. Alatau City Bank үшін НЕГЕ уайымдай бастадық?

.

32 мың теңге беріп, 752 мың теңге талап еткен: депутат заңсыз несие берушілерді бақылауға шақырды

несие алу