USD
USD
USD

Мәулен Әшімбаев GGG-дің жекпе-жегіне жеке пікірін білдірді

Парламент Сенатының төрағасы  әлеуметтік желідегі парақшасында атақты боксшының болашағынан әлі талай үміт күтетінін жазды.

Мәулен Әшімбаев GGG-дің жекпе-жегіне жеке пікірін білдірді
Фото: NEGE.kz

Алматы, NEGE. «Отандасымыз Геннадий Головкиннің кезекті тарихи жекпе-жегіне куә болдық. Бұл кездесуде бабы мен бағы қатар шаппаса да, ол біз үшін қашанда чемпион болып қала береді. Бұған дейін талай мәрте жарқын жеңістерімен баршамызға қуаныш сыйлаған спортшымызды біз әрдайым қолдаймыз.

Геннадий Головкин ел спортын дамытуға, қазақ боксын әлемге танытуға зор үлес қосты. Оның чемпиондық жолдағы қажырлы еңбегі, төзімділігі мен табандылығы әрбір қазақстандық атлет үшін үлгі-өнеге екені сөзсіз. Головкинге еліктеп өскен жас боксшыларымыз шаршы алаңда әлі де талай атой салады деп сенеміз.

Чемпионымызға алдағы уақытта тек сәттілік тілейміз!

Біз сені әрдайым мақтан тұтамыз, Гена!» – деп жазды Сенат спикері.

 

Қазір оқып жатыр

Дания Еспаева: Депутаттардың жалақысы 600 мың теңгеден басталады

жаңа құрам

Пайда жұқарды, бірақ қарыз қалың. Alatau City Bank үшін НЕГЕ уайымдай бастадық?

.

32 мың теңге беріп, 752 мың теңге талап еткен: депутат заңсыз несие берушілерді бақылауға шақырды

несие алу

Депутат туысының бизнесіне қатысты заңға дауыс бере ала ма?

Құрылтай брифингі