USD
USD
USD

М.Әуезов театры жүлделі болды

«Халықаралық театр сыншылары бірлестігінің» – «International Union of Theatre Critics» тұсаукесері өтті.

М.Әуезов театры жүлделі болды
Фото: NEGE.kz

Алматы, NEGE. Бірлестік жетекшісі Анар Еркебай: «Халықаралық театр сыншылары бірлестігінің мақсаты – театртанушылар мен қазақстан театрларының байланысын нығайту, қоянқолтық жұмыс істеу. Шетелдерде театртанушылардың дәрежесі жоғары бағаланып, олар өз театрларын өзгелерге таныстыруға ықпал етеді. Біз де қазақ театрын шетелде таныстырғымыз келеді. Алдағы жоспарымызда халықаралық деңгейдегі түрлі жобалар бар. Ең басты мақсатымыз – бүгінгі қазақ театрының негізгі тенденцияларын анықтап, оның дамуы жолында жұмыс істеу», – деді тұсаукесерде.

Театртанушылар мемлекеттік және тәуелсіз театрлар арасында арнайы сауалнама жүргізіп, оған қатысқан 43 театр арасында 2019 жыл бойынша жалпы статистикасын жасады.

Сонымен қатар, «Сыншылар жүлдесі» деп аталатын арнайы дипломдармен үздік театрларды марапаттады.

Олар: 1) Әуезов ат. Қазақ мемлекеттік академиялық драма театры үздік сайт үшін;

2) Теміртау балалар мен жасөспірімдер театры «В гостях у Тролли» спектаклі үшін;

3) Алматы мемлекеттік қуыршақ театры «Айко мен Строшка» қойылымы үшін;

4) Режиссер Д.Базарқұлов 2019 жылғы 3 премьера үшін;

5) Қ.Қуанышбаев ат. қазақ мемлекеттік академиялық музыкалық драма театры «Ләйлі-Мәжнүн» спектаклі үшін.

Қазір оқып жатыр

Ақмола облысында шахтада заңсыз алтын іздеуші қаза тапты

ТЖ

Трамп Иранның электр станцияларына соққы жасауды бес күнге кейінге қалдыруды тапсырды

Трамп

Тоқаев Иранның БАӘ аумағын бомбалауына алаңдаушылық білдірді

Тоқаев, Мұхаммед Саид Мұхаммед әл-Арики

Қырғызстанда министр қоғамдық орында шылым шеккені үшін жазаланды

Қырғызстан ІІМ