USD
USD
USD

Mass Alert: Алматыда 31 мамырда жер сілкінісі туралы ескерту жүйесі сынақтан өтеді

Мемлекет басшысының тапсырмасымен Алматыда Mass Alert ТЖ туралы жедел құлақтандыру жүйесін іске қосу жобасы жүзеге асырылады.

Дабыл
Фото: gov.kz

Алматы, NEGE. Бірінші кезеңде – 31 мамырдан бастап жүйе Android құрылғыларын пайдаланушылар үшін іске қосылады.

Ертең сағат 12:00-де Android мобильді құрылғыларды пайдаланушыларға қазақ, орыс және ағылшын тілінде «Алаңдамаңыздар. Халықты хабардар ету жүйесіне тексеру жүргізілуде. Не беспокойтесь. Проводится проверка системы оповещения населения. Remain calm. The public alert system is being tested», - деген хабарлама келіп түседі.

Екінші кезеңде iOS құрылғысының пайдаланушылары жүйеге қосылады.

Mass Alert жүйесінің SMS-ке қарағанда бірқатар артықшылығы бар. Хабарлама мобильді оператор желісіне қосылған, сондай-ақ жеке таңдалған географиялық аймақтағы барлық абонентке келеді. Сонымен қатар, жүйе желілердің шамадан тыс жүктелу жағдайында жұмыс істейді. Cell Broadcast технологиясының басты артықшылығы, қамту аймағындағы барлық абонентті бірден әрі жаппай ескертуде.

Сондай-ақ, Mass Alert-ті Алматы ТЖД жер сілкінісі туралы ерте құлақтандырудың автоматты жүйесімен біріктіру жоспарланған.

Қазір оқып жатыр

Тоқаев Еуразияның заманауи көлік-логистикалық қаңқасын құру ісін жеделдетуді ұсынды

Тоқаев

+35°С ыстық және үсік: қыркүйекке арналған ауа райы болжамы жарияланды

ауа райы болжамы

Қызылорда облысында учаскелік инспектор қаза тапты: күдіктіге іздеу жарияланды

ІІМ

Amanat Drive қаржы пирамидасының басшысы 8 жылға сотталды

Көңілбай Шүкен