USD
USD
USD

Мәсімовтің қылыштары, монеталары мен құнды заттары сатылымға шығарылады

Бұған дейін белгілі болғандай, ҰҚК-нің бұрынғы басшысы Кәрім Мәсімовтің ісі бойынша тәркіленген Астанадағы зәулім үй әлеуметтік мақсаттарға берілмек. Қазіргі уақытта бұл ғимарат «КУВА» балансында тұр. Әкімдік өтінімді әлі мақұлдаған жоқ, шешім қаралу сатысында.

Кәрім мәсімов
Фото: e-qazyna.kz

Алматы, NEGE. Ал үйден алынған антиквариаттар – қылыштар, монеталар және бұрынғы ҰҚК басшысының басқа да жеке құнды заттары – сатуға шығарылады. Олар жеке актив ретінде бағаланған, енді оларды не аукцион арқылы жеке сатады, не қайтарылған басқа активтермен біріктіріп, бір лот ретінде ұсынады, деп хабарлайды ORDA.

Бұған дейін Кәрім Мәсімовке қатысты жемқорлық ісі бойынша олигарх Кеңес Рақышевтің жеке меншігіндегі жер учаскесі тәркіленгені туралы хабарлаған болатынбыз.Оның мекенжайы – Қараөткел ықшамауданы, Ерейментау көшесі, 1-үй – жоғарыда аталған зәулім үй орналасқан мекенжаймен сәйкес келеді.

Рақышев пен Мәсімовтің есімдері Джо мен Хантер Байдендердің айналасындағы жемқорлық дауы аясында аталды.

Ракишев пен Мәсімовтің есімдері Джо және Хантер Байдендердің айналасындағы жемқорлық дауында аталған. АҚШ Өкілдер палатасының қадағалау комитетінің төрағасы Джеймс Комер АҚШ президентінің ұлын, әкесі вице-президент қызметінде болған жылдары, Қазақстанды қоса алғанда, түрлі елдердің олигархтарынан миллиондаған доллар алған деп айыптады. Сол баяндамада «Ракишев Қазақстан премьер-министрі Кәрім Мәсімовпен тығыз жұмыс істеген» деп көрсетілген.

Қазір оқып жатыр

Оңтүстік Кореяда Alatau City-де ірі жобаларды іске асыру мүмкіндігі талқыланды

Alatau City бойынша келіссөздер

«Біз одан шарап ішеміз»: Кенесарының бас сүйегі туралы айтқан қырғыз студенттері кешірім сұрады

Қырғызстандық студенттер

Жанжал кезінде газ тапаншасынан оқ атқан Астана тұрғыны 5 жылға сотталды

тапанша

Іле-Балқаш резерватына бір үйір құлан жіберілді

Іле-Балқаш резерватына жіберілген құландар