USD
USD
USD

Кәрім Мәсімовтің тәркіленген зәулім үйі тағы да аукционға қойылды

Астанада Ұлттық қауіпсіздік комитетінің (ҰҚК) бұрынғы төрағасы Кәрім Мәсімовтің тәркіленген зәулім үйі тағы да аукционға қойылды.

Мәсімовтың үйі
Фото: ҰҚК

Алматы, NEGE. Бұған дейін, 10 ақпанда Кәрім Мәсімовтің зәулім үйі аукционға қойылып, өтпей қалған еді. 

Үйдің бастапқы бағасы өзгеріссіз қалды – 1 883 338 958 теңге, кепілдік жарна – 117 960 000 теңге.

Кәрім мәсімовтің үйі
Фото: e-qazyna.kz

Нұра ауданындағы жертөлесі бар екі қабатты зәулім үйді «Қайтарылған активтерді басқару компаниясы» сатып жатыр. Тиісті лот E-Qazyna электронды сауда алаңының сайтында жарияланған.

Екі қабатты үйдің жалпы ауданы – 2877,7 шаршы метр. Үйдің жанында әртүрлі көлемдегі бірнеше жер учаскесі бар, олардың біреуінде гараж орналасқан. Үй мүлікпен бірге сатылады. 

Мәсімовтің үйі
Фото: e-qazyna.kz

Естеріңізге сала кетейік, Кәрім Мәсімов мемлекетке опасыздық жасады, билікті басып алмақ болды және қызметтік өкілеттігін асыра пайдаланды деген айыппен 18 жылға бас бостандығынан айырылды.

Қазір оқып жатыр

Жанжал кезінде газ тапаншасынан оқ атқан Астана тұрғыны 5 жылға сотталды

тапанша

Іле-Балқаш резерватына бір үйір құлан жіберілді

Іле-Балқаш резерватына жіберілген құландар

Астанада қыз баланың үстіне құрылыс қоршауы құлады

Астанада баланың үстіне құлаған қаңылтыр

Шәкір Кейкин Атырау әкімі қызметінен кетті

Шәкір Кейкин