11 Маусым 11:17
...

Мәсімов пен Бишімбаев рақымшылыққа іліне ме?

Мәсімов пен Бишімбаев
Фото: коллаж

Мәжіліс Конституцияның 30 жылдығына орай рақымшылық туралы заң жобасын мақұлдады.

Алматы, NEGE. Депутат Абзал Құспанның айтуынша, рақымшылыққа сыбайлас жемқорлықпен сотталғандар, терроризм, экстремизм, азаптау фактілері бойынша сотталғандар, сондай-ақ қылмыстық топтардың мүшелері мен қайта қылмыс жасағандар ілікпейді. Рақымшылыққа ілікпейтіндер қатарында Кәрім Мәсімов пен Қуандық Бишімбаев та бар.

Заң жобасына сәйкес, рақымшылыққа ілігетіндер:

– қылмыстық теріс қылықтар мен онша ауыр емес қылмыстар жасағандарды,

– залал келтіруге алып келмеген немесе оны толық өтеген ауырлығы орташа қылмыстар жасаған адамдарды,

– залалдың немесе азаматтық талап қоюдың бар-жоғына қарамастан, ауырлығы орташа қылмыс жасаған әлеуметтік жағынан осал адамдарды босату ескерілген.

Сонымен қатар, онша ауыр емес және ауырлығы орташа қылмыстар үшін қылмыстық жауаптылыққа тартылатын адамдар осы Заң жобасы қолданысқа енгізілгенге дейін жасаған қылмыстар туралы қылмыстық істерді, оның ішінде соттарда қаралмаған қылмыстық істерді тоқтату қарастырылған. Бұдан бөлек, ауыр және аса ауыр қылмыстар үшін жазаның өтелмеген мерзімін қысқарту көзделген.

Заң күшіне енгенге дейін жасалған онша ауыр емес және орташа ауыр қылмыстар бойынша қылмыстық істер тоқтатылуы мүмкін.

Ауыр және аса ауыр қылмыстар үшін тағайындалған жаза мерзімі қысқартылады.

Жалпы рақымшылық шамамен 15 мың адамға қатысты болады: олардың 6 мыңы – түрмеде отырғандар, ал 9 мыңы – пробациялық бақылауда тұрғандар. Бұл мемлекетке күніне 22,5 миллион теңгеге дейін (жылына шамамен 5 миллиард теңге) үнемдеуге мүмкіндік береді.