USD
USD
USD

«Мәсімов кассациялық шағым түсірген жоқ» – Жоғарғы сот

Бұл аптаның басты жаңалығы Кәрім Мәсімов болған сыңайлы. Өйткені «Кәрім Мәсімов Президенттен рақымшылық жасауды сұрапты» деген әңгіме ақпарат айдынын әбден шаңдатты.

Жоғарғы сот
Фото: Коллаж NEGE

Мәсімовтің соты жабық өткені белгілі. Сол себепті де сот туралы ешқандай дерек жоқ. Ол кінәсін мойындады ма, жоқ па, ол жағы да белгісіз. Қысқасы, белгісіз дүние көп бұл істе.

«Рақымшылық» туралы гу-гуден соң іле-шала ҚР Президенті жанындағы Рақымшылық жасау комиссиясының мүшелері «мемлекетке опасыздық жасады және билікті басып алмақ болды» деген айыппен сотталған Ұлттық қауіпсіздік комитетінің бұрынғы басшысы Кәрім Мәсімовтен ешқандай өтініш түспегенін айтты.

Сот
Фото: ғаламтордан

NEGE порталы бұл әңгіме тарамай тұрғанда-ақ осы сұрақтарға жауап алмаққа Жоғарғы соттың төрағасы А.Мерғалиевке ресми сауал жолдаған. Онда біз Сот кабинетіндегі дерекке сүйеніп, Мәсімовке қатысты істің сотқа қашан түскенін, арызды кім түсіргенін, онда не айтылғанын сұрағанбыз. Ресми сауал мерзімінің соңғы күні Жоғарғы соттан жауап келді-ау, әйтеуір.

Жауап келгенін қайтейік, Сот әкімшісі жетекшісінің орынбасары Б.Жоламанов былай деп қысқа қайыра салыпты: «К.Қ.Мәсімов кассациялық сотқа шағымданған жоқ».

Жауап
Фото: NEGE

ҰҚК-нің бұрынғы басшысы К.Мәсімовке қатысты кез келген дерек қоғамда қызу талқыланатыны белгілі. Сондықтан да ендігі жерде істі құпиялай берудің еш қажеті жоқ сияқты.

«Мәсімов үйінде қарбыз жеп, қорқор тартып отыр екен» деген сияқты түрлі алыпқашпа әңгімелерге жол бермеу үшін де...

Қазір оқып жатыр

Оңтүстік Кореяда Alatau City-де ірі жобаларды іске асыру мүмкіндігі талқыланды

Alatau City бойынша келіссөздер

«Біз одан шарап ішеміз»: Кенесарының бас сүйегі туралы айтқан қырғыз студенттері кешірім сұрады

Қырғызстандық студенттер

Жанжал кезінде газ тапаншасынан оқ атқан Астана тұрғыны 5 жылға сотталды

тапанша

Іле-Балқаш резерватына бір үйір құлан жіберілді

Іле-Балқаш резерватына жіберілген құландар