USD
USD
USD

Мәслихат депутаттығына кандидаттардың сайлау шығыны бекітілді

Орталық сайлау комиссиясы мәслихат депутаттығына кандидаттардың сайлауалды үгіт жүргізуіне бюджеттен бөлінетін қаражат көлемін бекітті. Қаржы үгіт материалдарын әзірлеуге, көпшілік алдында сөз сөйлеуге және көлік шығындарына жұмсалады.

Құрылтай сайлауы
Фото: qazaly.kz

Астана, NEGE. Астана, облыстар мен республикалық маңызы бар қалалардағы мәслихат депутаттығына кандидаттарға мынадай қаражат қарастырылған:

  • теледидар мен радио арқылы сайлауалды бағдарламасын таныстыру және мерзімді басылымдарда екі мақала жариялау – 410 мың теңге;
  • көпшілік алдында үгіт іс-шараларын өткізу және үгіт материалдарын шығару – 180 мың теңге;
  • көлік шығындары – 110 мың теңге.

Қалалық мәслихат депутаттығына кандидаттарға осы мақсаттарға тиісінше 400 мың, 170 мың және 80 мың теңге бөлінбек.

Ал аудандық мәслихат депутаттығына кандидаттар теледидар мен радиоға шығуға және екі мақала жариялауға 290 мың теңге, үгіт іс-шаралары мен материалдарына 130 мың теңге, көлік шығындарына 80 мың теңге жұмсай алады.

Орталық сайлау комиссиясының тиісті қаулыларына комиссия төрағасы Нұрлан Әбдіров қол қойды.

Еске салайық, мәслихат депутаттарының сайлауы 29 қарашада өтеді.

Қазір оқып жатыр

Уразбахтин «Қайрат» клубының бас бапкерлігінен кетті

Футбольный клуб «Кайрат»

Полициядан қашқан жүргізуші автобуспен соқтығысып, қаза тапты

Қостанай ПД

«Ордабасы» ҚПЛ жеңімпазы атанды

Ордабасы

«Тентек» шахтасы кейінгі он жылда алғаш рет миллион тонна көмір өндірді

.