USD
USD
USD

Мәслихат депутаттарына өкілеттігі тоқтаған жағдайда өтемақы төленбек

Қазақстанда тұрақты негізде жұмыс істейтін мәслихат депутаттарының еңбек жағдайларын жақсарту және әлеуметтік қорғалуын күшейту жоспарлануда. Бұл туралы Stan.kz ақпарат агенттігі хабарлады.

Ақша
Фото: ult.kz

Алматы, NEGE. "Ақ жол"партиясының сұрауында депутаттар әкімдіктердің іс жүзінде мәслихаттарға толығымен үстемдік ететінін алға тартты. Айтуларынша нақты билік атқарушы органдарға тиесілі. Олардың пікірінше, әкімдердің халық сайлаған депутаттық корпусқа үстемдігі демократия қағидаттарына сәйкес келмейді.

Өз жауабында Олжас Бектенов үкімет ұсынған мәслихаттардың қызметін жетілдіруге және олардың тәуелсіздігін арттыруға ықпал ететін нормалар туралы хабарлады.

"Мәслихат таратылған жағдайда депутаттың өкілеттігі тоқтатылған күннен бастап үш айдан аспайтын мерзімде ай сайынғы төлемді көздейтін норма ұсынылады", - делінген жауапта.

Оның айтуынша, штаттан тыс жұмысшылар санын азайту арқылы мәслихаттар штатын кеңейту ұсынылады. Түзетулер Үкіметтің норма шығару жұмысы аясында басталып, биыл парламентке енгізіледі.

Қазір оқып жатыр

Қызылордадағы учаскелік полиция инспекторының өлімі: күдікті қамауға алынды

Полицей өліміне күдікті

Төрт жыл іздеуде болған қаржы пирамидасының ұйымдастырушысы Түркиядан жеткізілді

The finiko

Таиланд қазақстандықтардың визасыз жүру мерзімін 30 күнге дейін қысқартты

Таиланд

Елена Рыбакина ресми түрде әлемнің бірінші ракеткасы атанды

Елена Рыбакина