USD
USD
USD

Масктің кемесі алғаш рет жарылмай жерге қонды

Илон Маск басқарған американдық SpaceX компаниясы алыс ғарыш сапарына, соның ішінде Ай және Марсқа ұшуға арналған ғарыш кемесін жасауда маңызды қадам жасады.

Масктің кемесі алғаш рет жарылмай жерге қонды
Фото: NEGE.kz

Алматы, NEGE. Starship кемесінің прототипі, SN15 кемесінің ұшырылуы сәтті өтті. Ол әуелі 10 шақырым биікке көтеріліп, одан кейін Техастағы ғарыш айлағына қонды.

Starship-ті бұған дейінгі төрт сынағы түрлі себептермен сәтсіз өткен. Ғарыш кемесі қонар кезде не әуеде жарылған.

Оның прототипінің бірі сәтті қонды, алайда көп ұзамай өрт шығып, жанып кетті.

SN15 ұшырылымы проблемасыз өтті. Кеме метанмен жұмыс істейтін Raptor қозғалтқышының көмегімен берілген әуеге көтерілді. Одан кейін қозғалтқыштары өшіріліп, аппарат көлденең қалыпқа өтіп, төмендей бастаған.

SpaceX жоспарына сәйкес, болашақта ғарыш кемелері ғарыштан Жерге дәл осылай оралады. Ұшудың соңғы кезеңі – зымыранн көлденеңнен басқа қалыпқа аударылды, қонуы да жоспарға сәйкес өтті.

Алаңдауға бір ғана себеп болған – Жерге қонар кезде, кемеден өрт шықты. Алайда жалын тез сөндірілді. Американың НАСА ғарыш агенттігі Starship жобасына үлкен қызығушылығын танытып отыр, себебі дәл осы SpaceX астронавттарды Айға жеткізетін кемелерді шығару құқығына ие болған.

Болашақта Илон Масктің компаниясы сондай-ақ Марсқа арнайы миссияларды аттандырмақ, Starship планетааралық сапарда бортына 100 адамға дейін алып кете алады деген үміті бар.

Қазір оқып жатыр

Үкімет курьерлер мен таксишілерге төленетін әлеуметтік төлемдер мәселесін шешу жолын іздестіруде

Курьер

8 мамырда Қызылорда облысының жаңа әкімі тағайындалады

Қызылорда облысы әкімдігі

Жаңа құрылған «Әділет» партиясын Айбек Дәдебай басқарады

.

Қазақстанда қанша ер-азамат тұрады?

Ер-азаматтар