USD
USD
USD

Мәскеуге келген Навальныйды полицейлер ұстады

Ресей оппозициялық саясаткері Алексей Навльный мінген ұшақ Мәскеудің Внуково әуежайына қонуы тиіс еді.

Мәскеуге келген Навальныйды полицейлер ұстады
Фото: NEGE.kz

Алматы, NEGE. Ол ұшаққа Берлиннен отырған. Алайда, ұшақ Шереметьево әуежайына қонды. Әуежайда төлқұжат тексерісінен өткен Навальныйды полицейлер ұстап әкетті. Ол адвокатымен бірге барғысы келсе де, полицейлер жалғыз өзін алып кетті. Бір айта кетерлігі, Навальный өзін ұстамайтынына сенімді еді. Бірақ Внуково әуежайында саясаткер Алексей Навальныйды күтіп алмақ болған жүздеген адамды ОМОН мен полиция жасақтары ығыстырып, сыртқа шығарды. Навальныйдың жақтастары оларға «Фашистер» деп айғайлады. Полиция сыртта адамдарды ұстай бастады. Навальныйды күтіп алуға келген жақтастары Любовь Соболь, Руслан Шаведдинов пен Константин Котов, Анастасия Кадетова, Илья Пахомов пен Алексей Молокоедов одан бұрынырақ әуежай ғимаратында ұсталды.

Внуково әуежайында барлығы 52 адам ұсталды. Алексей Навальныйдың әріптестері, Жемқорлықпен күрес қорының өкілдері полицейлер Навальныйды 48 сағат ұстап жібере салып, сотты кейін өткізуі мүмкін деп болжайды. Бірақ бұлтартпау шарасын белгілейтін сот көп кешікпей бүгін-ертең өтуі ықтимал. Жазаны орындау жөніндегі федералды қызмет Навальныйға іздеу жариялап, елге оралған жағдайда қамалатынын ескерткен болатын.

Навальный Берлиндегі Шарите ауруханасына 22 тамыз күні Ресейде уланған соң жеткізілді. 20 тамыз күні Томскіден Мәскеуге ұшқан әуе рейсінде Навальный халі күрт нашарлап, ұшақ Омбы әуежайына қонды. Саясаткерді жедел жәрдем жергілікті ауруанаға жеткізген. Навальный комада болған.

Қазір оқып жатыр

Мемлекеттің заңсыз әрекетінен келген зиянды өтеу құқығы Конституцияда бекітілді

Адам ұрлау

Құрылтай сайлауы: негізгі іс-шаралардың күнтізбелік жоспары жарияланды

үгіт-насихат

Алматыдағы көшелердің біріне Денис Теннің аты берілді

Денис Тен

Президент рақымшылық жасау туралы заңға қол қойды

амнистия