Мәскеуден Парижге: Тоқаевтың Ресейге ресми сапары аяқталды
Мемлекет басшысы Қ.Тоқаевтың Ресей Федерациясына ресми сапары аяқталды. Қазақстан президентін әуежайдан салтанатты түрде шығарып салды.
Астана, NEGE. Президент қасым-Жомарт Тоқаевтың Ресейге ресми сапары аяқталды. Ресейдің ресми өкілдері қазаұстан президентін әуежайдан салтанатты түрде шығарып салды.
Ресми кездесулер барысында Ресей президенті Владимир Путин Қазақстан Президентін қайта сайлануымен құттықтады және ізгі тілегі үшін алғыс айтып, екі ел арасындағы қарым-қатынасқа жоғары баға берді.

«Ең алдымен, Қазақстан Республикасының Президенті лауазымына қайта сайлануыма орай жеке құттықтағаныңыз үшін алғыс айтқым келеді. Шын мәнінде, алғашқы шетелдік сапарым осы елге, Ресей Федерациясына жасалып отыр. Мұның терең саяси мәні бар. Әлбетте, бұл сапардың белгілі бір символдық мәні бар. Екінші жағынан, бұл қалыпты жағдай, өйткені мемлекеттеріміз арасындағы ынтымақтастық туралы әңгіме өрбіп отыр. Биыл біз дипломатиялық қарым-қатынастың орнағанына 30 жыл толғанын атап өттік. Бүгін осы тарихи датаға арналған Декларацияға қол қоямыз – деді В.Путин.

Қазақстан мен Ресей президенттері дәстүрлі түрде өзара сенім мен конструктивті негізде екіжақты серіктестікті одан әрі нығайту жолдарын айқындады. Өнеркәсіптік қатынастар мен көлік-логистика саласындағы экономикалық іс-әрекеттерді күшейту басты міндет болып қала береді. Кездесу соңында Қасым-Жомарт Тоқаев пен Владимир Путин дипломатиялық қатынастардың 30 жылдығына орай Қазақстан Республикасы мен Ресей Федерациясы арасындағы Декларацияға қол қойды.

Мемлекет басшысы Қ.Тоқаев ертең Францияға барады.