USD
USD
USD

ФСБ Мәскеудегі атысты теракт деп мойындады

Мәскеу агенттігі

ФСБ Мәскеудегі атысты теракт деп мойындады
Фото: NEGE.kz

Теракт бойынша қозғалған қылмыстық іс Тергеу комитетіне жеткізілді. Бұл туралы хабарлады. 

19 желтоқсан күні кешке ФСБ ғимаратына кірген азамат құқық қорғау қызметкерлеріне оқ жаудырған. Оның салдарынан ФСБның бір қызметкері көз жұмды. Бес адам жарақат алды. Қылмыскердің көзі жойылды.

Қазір оқиға орнында қылмыстық-жедел топ жұмыс істеуде. 

 

Кеше Nege.kz жүргізген оқиға хроникасын назарға ұсынамыз

19 желтоқсан. 22:50. Қазіргі ақпарат бойынша Мәскеудегі атыстан екі азамат қаза тапты. Ол ФСБ қабылдау бөлмесін шабуылдаған ер адам мен Федералды күзет қызметінің бір жауынгері. РБК атыстың қайта басталғаны жөнінде хабарлап отыр.

19 желтоқсан. 22:22. Атыс бастаған белгісіз жанның көзі жойылды. Бұл туралы ФСБ хабарлады. Қазір оның тегі анықталуда деп жазады, Интерфакс. Атыс салдарынан жаралғандар бар.

19 желтоқсан. 22:10. Лента.ру ақпараты бойында ФСБ комендатурасының бір қызметкері қаза тапты. 

19 желтоқсан. 22:09. Ресейдің Тергеу комитеті оқиғаға қатысты қылмыстық іс қозғады. Бұл туралы Lenta.ru күштік құрылымдардағы ақпарат көздеріне сүйеніп мәлімдеді. Әзірге қаза тапқандар туралы нақты ақпарат жоқ. ДПС қызметінің бір қызметкері жараланған. Оқиға орнына арнайы жасақ тартылды. Мәскеудің бұл аймағында көлік қозғалысы тоқтады.

Фото: Gazeta.ru

19 желтоқсан. 22:00. Лубянкаға жан жақтан арнайы жасақ тартылуда. Федералды қауыпсіздік қызметінің тағы бір қызметкері жараланды деген ақпарат әзірге расталмады. Қазіргі мәлімет бойынша 3 адам Федералдық қауыпсіздік қызметінің ғимараты маңында бекініп алған. Оның ішінде кем дегенде біреуі оқ жаудырған.

Қазір оқып жатыр

Тимур Турлов FIDE президентінің орынбасары лауазымына кандидатурасын ұсынбақ

Тимур Турлов

ШҚО тұрғындарын өзен суының түсі алаңдатып отыр

өзен

Hyundai, Kia және Geely сатылымы құлдырады: қытайлық көліктерге сұраныс артты

Changan

Алматы әкімдігі «Family Park-тің орнына тұрғын үй кешені салынады» деген сыбысқа жауап берді

Family Park