USD
USD
USD

Мәскеудегі лаңкестік шабуылға кімдер тапсырыс берген?

Ауғанстанның билігі «ИГИЛ-Даиш» (Қазақстанда тыйым салынған) лаңкестік ұйымының бір қанаты Орталық Азия елдерінде жасырынғанын мәлімдеді, деп хабарлады inbusiness.kz.

Теракт
Фото: dzen.ru

Алматы, NEGE. Ауған елінің тізгінін қолына алған тәліптер қозғалысының (Қазақстанда тыйым салынған) Қатардағы саяси кеңсесінің басшысы Сухейль Шахин аталған террористік ұйымының «Уәллаят Хорасан» («Вилаят Хорасан») атауымен танылған ауғандық қанаты бүгінде Ауғанстаннан тыс жерде тығылып жүргенін жеткізді. Олар Мәскеу түбіндегі «Крокуста» ұйымдастырылған терактіні өз мойнына алды.

«Хорасанның бірқатар мүшелері сол бойы Ауғанстанда қалуы мүмкін. Бірақ енді «Хорасан» Орталық Азияда, Иранда, Үндістанда, Пәкістанда орнықты. Қазіргі кезде олар негізінен Ауғанстаннан тыс жерлерде жасырынған. Оның үстіне бәрі бірдей Ауғанстанның азаматтары емес», – деді Сухейль Шахин.

Оның айтуынша, тәліптер хорасандықтармен күреседі және Ауғанстанды олардан арылтып шығуға күш салады. Өйткені «Талибан» төл ықпал аймағында өзіне балама күштің болғанын қаламаса керек.

Осының алдында ресейлік «РИА Новости» күш құрылымдарындағы дереккөздеріне сілтеме жасап, «Крокуста» лаңкестік акті жасады деген күдікке іліккендердің «Уәллаят Хорасанға» Telegram-арнасы арқылы тартылуы мүмкін екенін жазды.

Ресейлік «Важные истории» порталы Телеграм мессенджерінде «Вилаят Хорасан» қоғамдастығының криптоәмиянын тапты.

«Мәскеу түбінде лаңкестік акті жасала сала, ол криптоәмияннан бірден 2 525 доллар шешіп алынған. Ұсталған Шамсидин Фаридунидің айтуынша, олардың карталарына сонша қаражат түскен. «Вилаят Хорасан» террористік тобының тәжікстандық қанатына тиесілілігі бірқатар фактор бойынша байқалатын телеграм-чаттардың тұтас желісін анықтадық. Тәжік тілінің иегерінің көмегіне жүгіну, сондай-ақ шығыстанушы Руслан Сулеймановпен кеңесу арқылы олардың бір бөлігінің мазмұнымен таныса алдық. Чаттарда «ИГИЛ-Даиштың» жақтаушы-симпатизанттары, маманның айтуынша, сауатсыз және түсініксіз бір сленг қосылған тәжік тілінде өзара тілдеседі», – деп мәлімдеді портал

Қазір оқып жатыр

Тоқаев Қауіпсіздік кеңесінің отырысын өткізді

Қасым-Жомарт Тоқаев

Шымкентте TikTok арқылы жүргізуші куәлігін саудалаған ер адам қамауға алынды

Күдікті

Air Astana басшылығына төленетін төлемдер шамамен 6 млрд теңгеге дейін ұлғайған

AirAstana

Зейнетақының 20 пайызын ұстап қалатыны рас па?

Зейнетақы