USD
USD
USD

Мәскеуде вирус жұқтырғандар саны күрт өсті

Мәскеуде коронавирус жұқтырғандар саны күрт өсті. Бұл туралы Ресей астанасының мэрі Сергей Собянин мәлімдеді.

Мәскеуде вирус жұқтырғандар саны күрт өсті
Фото: NEGE.kz

Алматы, NEGE. «Соңғы күндері COVID-19 жұқтыру дерегі күрт көбейгенін көріп отырмыз, шамамен 80 пайыз, ал Мәскеу ауруханаларына ауыр жағдайда түскендер саны 70 пайызға артты... Мәскеуліктер босаңсып кетті. Еуропада бір жарым ай бұрын эпидахуал нашарлап кеткен еді, ал бүгін бізде жағдай өте ауыр. Бұл алғаш рет сәуір-мамырда тіркеліп, желтоқсанда шыңына жеткен жағдайдан да көп. Жеңетінімізге сенімдімін», – деді Собянин № 15 Қалалық клиникалық ауруханадағы коронавирус стационарына барған кезде.

№ 15 Қалалық клиникалық аурухананың бас дәрігері Валерий Вечорконың айтуынша, клиника дәрігерлері төрт ай бойы 22 мыңнан аса науқасты қабылдаған. «Дәрігер ретінде айтамын. Неғұрлым көп адам вакцина алса, соғұрлым тезірек бұл жағдайдан шығамыз», – деді Вечорко.

Сондай-ақ, Мәскеу мэрі COVID-19 жұқтырғандарды емдеу үшін қосымша төрт мың төсек бар екенін айтты. Жалпы саны 16 мыңға жеткен.

Айта кетейік, Мәскеуде 15-19 маусым коронавирус инфекциясының таралуына байланысты жұмыс істемейтін күндер деп жарияланған.

Соңғы мәлімет бойынша, Ресейде COVID-19 жағдайының саны бір тәулікте 14 185-ке, 5 236 593-ке дейін өскен. Ең көп дерек Мәскеуде – 6 805, Мәскеу облысында – 1 135, Санкт-Петербургте – 902 тіркелген.

Қазір оқып жатыр

Астанада полиция формасымен видео түсірген блогер Justice Adilet ұсталды

Әділет Қаликеев

Түркістан облысында жол апатынан бір отбасының бес баласы көз жұмды

Жедел жәрдем

Қазақстанда жанармай тапшылығы жоқ – Энергетика министрлігі

Бензин, дизель

Тимур Турлов FIDE президентінің орынбасары лауазымына кандидатурасын ұсынбақ

Тимур Турлов