USD
USD
USD

Мәскеуде 92 мыңнан астам адам вирус жұқтырған

Мәскеуде оқшаулану режимі мамыр айының соңына дейін ұзарды, деп хабарлайды «Хабар 24» Бүгінде көршілес елде коронавирусты жұқтырғандар саны 177 мыңнан асты.

Мәскеуде 92 мыңнан астам адам вирус жұқтырған
Фото: NEGE.kz

Алматы, NEGE. Бір ғана ел астанасының өзінде 92 мың 700 адам қауіпті кеселге шалдыққан. Сергей Собянин Мәскеуде шындап келгенде вирусты жұқтырғандар саны үш жүз мыңнан асады деген мәлімдеме жасады. Ол бұл ақпарды скринингтік зерттеу нәтижесіне сүйеніп айтқан екен. Құжатқа сай, қауіпті кеселді Мәскеу тұрғындарының 2-2 жарым проценті жұқтырыпты. Бұл шашамен мэр айтып отырған үш жыз мың адам деген сөз. Десе де, Собянин Мәскеудегі жағдай тұрақталып келеді деп отыр. Өйткені соңғы екі аптада стациониарға жатқызуды талап ететін ауыр жағдайдағы науқастар саны азайған. 

Сондықтан Ресей тарапы оқшаулану режимінен шығуға арналған Үкіметтің жоспарын қызу талқылап жатыр. Ең алдымен, елде өндіріс пен құрылысты қайта іске қосу көзделіп отыр. Ал мейрамхана, шаштараз және сұлулық салондарын ашуға әлі ерте дейді атқамінерлер. "Қазір елдегі ахуалға қарап қызмет көрсету және тұрмыстық саланы қайта іске қосуға ерте деп отырмыз. Десе де, 12 мамырдан бастап ел аумағындағы барлық өндірістік және құрылыс компания жұмысын бастайды" деді.

12 мамырдан бастап пойыз және кез келген қоғамдық көліктерде және таксиде бетперде мен медициналық қолғап кию міндеттеледі. Адам көп жиналатын орындарда әлеуметтік арақашықтық сақтау шарасы сол қалпында қалады. Жалпы, мұндағы шектеу шаралары  үш кезең бойынша жеңілдетілмек.  Алдымен, сыртта спортпен айналысуға және балалармен серуендеуге рұқсат беріледі. Екінші кезеңде барлық тұрғын емін-еркін көшеге шыға алады. Сосын саябақ, демалыс орындары, сауда орталықтары, қонақ үйлер мен тамақтану орындары ашылады. Карантин режимін жеңілдетудің уақытын әр өңір өзі шешеді. Бастысы, ауруды жұқтыру деңгейін, ауруханадағы бос орындар мен тестілеу нәтижесін бақылауда ұстау қажет. Ал Мәскеудегі оқшаулану болса жазға дейін созылады.

Қазір оқып жатыр

Павлодарда ер адам 125 млн теңге үшін әйелін суға батырып жіберген

су

Танагөз Толқынқызы қазақ қоғамы туралы жазбасынан кейін полицияға шақыртылды

Танакөз Толқынқызы

Александр Машкевичтің қыздары «Еуразиялық банктің» ірі қатысушысы мәртебесіне ие болды

Александр Машкевич

Алматыда бір аптадан бері танымал әншінің ұлы іздестіріліп жатыр

Маңғыстау