USD
USD
USD

Мәскеуде 50-ден астам Қырғызстан азаматы жарақат алды

Мәскеу маңындағы Ступино елдімекенінде өндіріс орнында өткел құлап, 51 адам зардап шекті, деп хабарлайды ТАСС агенттігі.

Мәскеуде 50-ден астам Қырғызстан азаматы жарақат алды
Фото: NEGE.kz

Алматы, NEGE. «Қазіргі уақытта 51 адамның жарақат алғаны белгілі. Оның бәрі әртүрлі ауруханаларда ем алып жатыр. Кейбіреулері өз бетінше медициналық көмекке жүгінген» деп хабарлады агенттікке сұхбат берген төтенше жағдайлар министрлігі Мәскеу облысындағы басқармасының баспасөз қызметі. Мұның алдында зардап шеккендер саны 39 болатын. Оның ішінде 18 адам ауыр халде жатыр. Қаза тапқандар жоқ.

Ведомствоның мәліметінше, оқиға салдарын жоюға 68 құтқарушы мен 25 техника тартылған. Зардап шеккендердің барлығы - Қырғызстан азаматтары. Оның екеуі Ресей азаматтығын алған. Олар - осы зауыттың жұмысшылары. Айта кетейік, «ФМ Логистик» өндіріс орнында опырылып түскен металл өткелдің ұзындығы - 35 метр, биіктігі - 4 метр. Ол инженерлік коммуникациялардың үстіне құлап, бүлдірген.

Қазір оқып жатыр

«Қызыл кітаптағы өсімдіктерге зиян тимейді»: Көкжайлаудағы SuperSki жобасы туралы не белгілі?

Almaty Superski

Депутат Ерлан Сайыр Моральдық кодекс әзірлеуді ұсынды

Ерлан Сайыров

«Asar Baspana» қаржы пирамидасының ұйымдастырушылары сотталды

рақымшылық

Экс-депутат Татьяна Савельева қорғаныс министрінің орынбасары болып тағайындалды

Татьяна Савельева