2026 жылғы 25 қыркүйек – Қазақстан Республикасындағы жалпыұлттық аза тұту күні 25 сентября 2026 года – День общенационального траура в Республике Казахстан
USD
USD
USD

Мәскеуде Алексей Навальныйды ақтық сапарға шығарып салды

Мәскеуде белгілі ресейлік оппозиционер Алексей Навальныйды жерлеу рәсімі өтті. Танымал саясаткермен қоштасуға жүздеген адам келген. Олардың арасында бірнеше мемлекеттің өкілдері де бар, деп жазады РБК басылымы.

Мәскеу
Фото: Vano Shlamov/AFP/Getty Images

Алматы, NEGE. Алексей Навальный Мәскеудегі Борисовский зиратына жерленді. Табытты жерге түсірген кезде Фрэнк Синатраның My Way өлеңі қойылды. Жерлеу рәсіміне қатысқандар арасында оппозициялық саясаткердің ата-анасы Анатолий мен Людмила Навальныйлар да болды. РИА Новости басылымының мәліметіне сәйкес, Навальныймен қоштасу рәсіміне шетелдік елшілер де қатысқан.

Борисовский зиратында АҚШ елшісі Линн Трейси, Франция елшісі Пьер Леви, Германия елшісі Александр Ламбсдорф, Канада елшісі Сара Тейлор және британиялық дипломатиялық миссиясы басшысының орынбасары Том Додд бой көрсетті. Сонымен қатар зират маңында Ирландия, Польша, АҚШ, Греция, Бельгия мен Австрияның дипломатиялық нөмірлері бар көліктер де болды.

Қазір оқып жатыр

Каспий теңізінде қаза болған үш сарбаздың денесі Оралға жеткізілді

Каспий теңізінде қаза болған сарбаздар

Маңғыстаудағы төтенше жағдай: Үкіметтік комиссия отырысында не айтылды?

Үкіметтік комиссия отырысы

Қаза болған әскери қызметшілерге көңіл айту жеделхаттары келіп жатыр

Сарбаздарды іздеуге шыққан кемелер

Каспийдегі оқу-жаттығудан кейін аман қалып, ауруханаға түскен сарбаздың жағдайы белгілі болды

Ақжол Темірәлиев