USD
USD
USD

Мәскеу вирусты қалай жеңіп жатыр?

Мәскеудің Денсаулық сақтау жүйесі эпидемияның ауыр жүктемесіне төтеп берді. Бұл туралы Мәскеу мэрі Сергей Собянин мәлім етті, – деп хабарлайды ТАСС агенттігі.

Мәскеу вирусты қалай жеңіп жатыр?
Фото: NEGE.kz

Алматы, NEGE. «Вируспен ауырғандар саны азайып келеді. Алда әлі көп жұмыс күтіп тұрса да, денсаулық сақтау жүйесі бұл қатты қысымға төтеп бергені анық», – деп жазды мэр өзінің сайтында.

Пандемия басталғалы әлемде 110 миллионға жуық адам коронавиурсқа шалдыққан, 2,4 млн адам көз жұмған. Ресейде коронавируспен күрес жөніндегі федералды жедел штабтың мәліметінше 18 ақпандағы жағдай бойынша 4 125 598 ауру жұқтыру жағдайы тіркелген, 3 661 312 науқас емделіп шықса, 81 926 адам қайтыс болған.

Ресейде коронавирус жұқтырушылар саны бойынша Мәскеу көш бастап тұр. Мұнда 962 637 ауруға шалдығу жағдайы анықталған, 878 655 науқас сауығып шықса, 14 578 адам көз жұмған.

Қазір оқып жатыр

Қостанай облысында колледждің 45 студенті оқудан шығарылып, директоры жұмыстан босатылды

Қазақстан агротехникалық колледжі

Гаухар Қаппарова Хорватияның Алматыдағы құрметті консулы болып тағайындалды

Гаухар Қаппарова

Қазақстан-Қырғызстан шекарасындағы өткізу бекетінің бірі алты айға жабылады

Өткізу бекеті

Жетісу облысында полицейлер жүк көлігіндегі 38 жылқыны тірідей жанып кетуден құтқарып қалды

Полицейдің жылқыларды құтқару сәті