12 Ақпан 20:00
...

Мәскеу Еуропалық одақпен қарым-қатынасты үзе ме?

Фото:

Ресей сыртқы істер министрі Сергей Лавров Еуропалық одақ экономиканың әлсіз салаларына қауіп төндіретін санкция салса, Мәскеу қарым-қатынасты үзуге дайын екенін айтты.

Алматы, NEGE. «Біз барлық жағдайға дайынбыз. Егер тағы бір рет қандай да бір салаларда біздің экономикамызға, оның ішінде әлсіз салаларға қауіп төндіретін санкциялар қолданылатынын болса, біз ол қадамды жасауға дайынбыз. Әлемнен оқшауланғымыз келмейді, бірақ кез келген жағдайға дайын болуымыз қажет. Бейбітшілікті қаласаң – соғысқа дайын бол», – деді Лавров «Соловьев Live» YouTube-арнасында.

Сонымен қатар, Лавров қазіргі уақытта елдің әскери дайындығы жоғары деңгейде екенін айтып, экономикада да осындай жағдайға қол жеткізу керегін атап өтті. 

Өткен аптада Мәскеуге барған еуропалық дипломатия басшысы Жозеп Боррель Ресейге жаңа санкциялар салуға ниетті екенін айтты. Оның айтуынша, бұл мәселе 22 ақпанда ЕО СІМ басшылары кеңесінің отырысында, кейін наурызда бірлестік саммитінде қаралады.

ЕО елдері Алексей Навальныйдың ісі бойынша сот шешімін, сондай-ақ оны қолдау үшін келісілмеген наразылықтарға қатысушыларды ұстағандарын сынға алған еді.

Тегтер: