Құрылтай — 23 тамыз
USD
USD
USD

Мәскеу орталығындағы Wildberries бас кеңсесінде атыс болды

18 қыркүйекте күндіз Мәскеудің орталығында «Романов Двор» бизнес орталығында орналасқан Wildberries маркетплейсінің кеңсесінде атыс болды.

Атыс Мәскеу
Фото: РИА Новости

Алматы, NEGE. Компанияның негізін қалаушы Татьяна Бакальчуктің айтуынша, оның бұрынғы күйеуі бастаған бір топ адам кеңселерді басып алмақ болған. Бұрынғы күйеуі Владислав Бакальчук бір топ қарулы адамдармен бірге кеңсеге кіру әрекетін жасаған.

Алайда Владислав Бакальчук бұл ақпаратты жоққа шығарды. Айтуынша, Wildberries кеңсесіне келіссөзге келген кезде оған және оның командасына белгісіз адамдар «шабуыл жасаған». Татьяна Бакальчук болса ешқандайда келіссөз жүргізуге келіспегенін жеткізді. 

Wildberries баспасөз қызметі Владислав Бакальчукпен бірге келген топ бірінші болып оқ жаудырғанын мәлімдеді. Владислав Бакальчук өз кезегінде оқтың ғимарат ішінен шыққанын алға тартады.

Ақпарат агенттіктерінің соңғы мәліметі бойынша, бір адам қаза тауып, бірнеше адам жараланған, оның ішінде екі полиция қызметкері бар. 30 адам ұсталды. 

Қазір оқып жатыр

Танымал блогер Тоқаевтың сүйікті тұлпары Ақжанды алғаш рет кең далада түсірді

.

«Астана» баскетбол клубы жабыла ма? Министрлік түсініктеме берді

.

«Әділет» партиясы: Қазақстан – зайырлы мемлекет, ал «Заң және тәртіп» қағидаты баршаға міндетті

.

Грантқа іліге алмағандарға тағы бір мүмкіндік бар

грант