USD
USD
USD

Маскасыз жүргендер айыппұл төлемек

Алматыда маскасыз жүрген тұрғындарға 83 мың теңге көлемінде айыппұл салынды. Тауарлар мен көрсетілетін қызметтердің сапасы мен қауіпсіздігін бақылау департаментінің мониторинг тобы рейд жүргізіп жатыр.

Маскасыз жүргендер айыппұл төлемек
Фото: NEGE.kz

Алматы, NEGE. Рейдтер 5 шілдеде тамақтану орындарында, базарларда, қоғамдық орындарда және қоғамдық көліктерде басталған. Осы уақыттан бастап департамент мамандары маска режимін бұзғаны үшін 165 адамды әкімшілік жауапқа тартқан. Әрқайсына Әкімшілік құқық бұзушылық туралы кодекстің 425-бабы 1-бөлігін бұзғаны үшін хаттамалар толтырылған. Бұл бапта 30 АЕК – 83 340 теңге көлемінде айыппұл қарастырылған. Қалалық автобустарда да рейдтер жүргізілген.

«Шілденің 5-і мен 14-і аралығында мониторинг тобы Әуезов және Алатау аудандарындағы қоғамдық көлікті тексерді, қоғамдық көліктерде маска режимін бұзғаны үшін 4 жолаушы 425-баптың 1-бөліміне сәйкес жауапқа тартылды, № 102, 115, 48 маршруттарында жолаушыларға түсіндіру жұмыстары жүргізілді», – деді Алматы қаласы Тауарлар мен көрсетілетін қызметтердің сапасы мен қауіпсіздігін бақылау департаментінің баспасөз қызметі.

Қазір оқып жатыр

Алматыда Қырғызстан студенттерін онлайн-казиноның ақша айналымына пайдаланған

Күдікті

«Байлығым, барым, әкімім»: Абай облысының әкімдігі Берік Уәлиді мадақтаған әнді өшіруді талап етті

Берік Уәли

«Аудитория әлі есеймеген»: Баян Алагөзова ашаршылық туралы фильмге қатысты пікір білдірді

Баян Алагөзова

ҚТЖ қарызы мен чемодандағы долларлар: депутат Наталья Годуновамен сұхбат

Годунова