USD
USD
USD

Маскасыз жүргендер 1 мың еуро айыппұл төлейді

Италияның оңтүстік-батысындағы аймағақта маска тағу туралы талапты сақтамаған тұлғалар мен бизнес өкілдеріне салынатын айыппұл 1 мың еуроға дейін артты.

Маскасыз жүргендер 1 мың еуро айыппұл төлейді
Фото: NEGE.kz

Алматы, NEGE. Салерно қаласындағы бар мен шаштараз секілді үш мекемеге жексенбі күні бірінші болып айыппұл салынды.

Олар жұма күні қабылданған масканы жабық мекемелерде тағуды талап ететін жарлықты орындамағаны белгілі болды. Жарлықтың негізгі шараларының бірі – жабық мекемелерде, қоғамдық орындарда, супермаркеттерде, барларда, мейрамханаларда, дүкендер мен қоғамдық көлікте маска тақпағандарға 1 мың еуро мөлшерінде айыппұл салу.

Ережеге сәйкес, көлік операторлары маска тақпаған жолаушыларды кіргізуге тыйым салуға міндетті.

Егер мұндай жолаушылар көлікке мінсе, оларға айыппұл салынуы және көліктен түсірілуі тиіс. Егер олар одан бас тартса, «автобус немесе поезд тоқтайды» және «полицияның шақырылады».

Егер құқық бұзушылық коммерциялық қызметті жүзеге асыру кезінде жасалса, кәсіпорындар да жауапқа тартылады. 1 мың еуро айыппұлдан бөлек, бизнес 5-тен 30 күнге дейінгі мерзімге жабылуы мүмкін.

Қазір оқып жатыр

Қызылорда облысында су және кәріз тарифтері 25%-ға дейін төмендеді

Су

Қазақстандық қыздарды Ресейдегі дрон шығаратын зауытқа жұмысқа тартуда – БАҚ

Дрон

Алматыда бітіру кешіне 200 мың теңгеден жинаған: мектеп директоры жазаланды

кісі өлімі

Олжас Бектенов орман өрттерін ерте анықтау жүйесінің дайындығын тексерді

.