Құрылтай — 23 тамыз
USD
USD
USD

Маска тағу режимі енгізіледі

Польшада 10 қазаннан бастап қайтадан маска тағу режимі енгізілмек. Бұл туралы республиканың премьер-министрі Матеуш Моравецкий мәлімдеді, – деп хабарлайды РИА Новости

Маска тағу режимі енгізіледі
Фото: NEGE.kz

Алматы, NEGE. Мұндай шешім елде коронавирус тасымалдаушылардың саны күн сайын өсуімен байланысты қабылданған. Сәрсенбі 3003 жағдай, бейсенбі 4280 жағдай тіркелген. Эпидемия басталғалы науқастардың саны 111 599-ға жеткен. 

«Бұл үлкен цифрлар және біз оның санын азайтқымыз келеді. Біз 10 қазаннан бастап Польшаның барлық аумағында қазіргі «сары аймақтағы» ережелер енгізілетін болады», – деді Моравецкий баспасөз конференциясында. 

Ол бүкіл елде «мұрын мен ауызды жауып жүру» міндетті болатынын атап өтті. 

Айта кетейік, «қызыл» және «сары» аймақтарда COVID-19-ға байланысты басқа ереже мен шектеулер қабылданған. 

Екі аймақта да мұрын мен ауызды тіпті ашық жерлерде де міндетті түрде жауып жүру керек. Польшаның басқа аймақтарында масканы тек жабық жерлерде тағып жүру керек. "Қызыл" аймақта мейрамхана, паб және барлар тек 06:00 мен 22:00 аралығында жұмыс істей алады, дискотекалар мен клубтар жабылған.

Биыл көктемде Польшада маска тағу режимі енгізілген болатын, алайда бірнеше күннен кейін бұл ереже күшін жойған.  

Қазір оқып жатыр

Алматының тау бөктерінде 9 қабаттан биік ғимараттар салуға қандай жағдайда рұқсат беріледі?

Алматы

Қазақстан азаматтары Оңтүстік Кореяда қалай заңды жұмысқа орналаса алады?

Сеул

Назарбаев туралы мардымды монография жоқ – тарихшы

Нұрсұлтан Назарбаев

Қазақстанда сауда саласына салынған инвестициялар 637 млрд теңгеден асты

Инвестиция