USD
USD
USD

Маска тағу неге қауіпті?

Ресейлік дәрігер Денис Серов маска тағудың неге қауіпті екенін түсіндірді. Бұл туралы ол «Москва» агенттігіне берген сұхбатында айтты.

Маска тағу неге қауіпті?
Фото: NEGE.kz

Алматы, NEGE. Мәскеулік дәрігер Денис Серовтың айтуынша, бетті тығыз жаппайтын маска құрғақ көз синдромын тудыруы мүмкін.

Маман маска тығыз орналаспағандықтан адам демалған кезде ауа жоғарыдан шығатынын, салдарынан көз қабықшасының буланатынын атап өтті.

«Бұл жағдай ыңғайсыздық тудыруы мүмкін. Адамның көру қабілеті нашарлап, көздің қабығы зақымдануы ықтимал», – дейді дәрігер.

Ол бір рет пайдаланатын масканы 2-3 сағат тағу керегін ескертті.

Денис Серов көзге қатысты проблемалар туындаған жағдайда көз тамшысын пайдалануға, ал көру қабілеті нашарлаған кезде бірден дәрігерге баруға кеңес берді.

Қазір оқып жатыр

Қазақстандықтар бензин сапасына 92 рет шағымданған: көш басында қай қала?

бензин сапасы

Атырау мұнай өңдеу зауытында төтенше жағдайлар кезінде 100 тоннадан астам газ жағылған

Атырау мұнай өңдеу зауыты

Мешітте балаларды ұрған ұстазға қатысты қылмыстық іс қозғалды

Мешіт ұстазы

Көршісі ұрып, кейін өзі арыз жазған: әнші BikaBreezy ақталды

Bikabreezy