USD
USD
USD

Маска режимі қашан алынбақ?

Алматы қаласы санитариялық-эпидемиологиялық бақылау департаменті басшысының орынбасары Әсел Қалықова брифинг барысында мегаполисте маска режимін алу туралы сұраққа жауап берді.

Маска режимі қашан алынбақ?
Фото: NEGE.kz

Алматы, NEGE. «Қазір Алматы қаласының «жасыл» аймақта болуы коронавирус инфекциясының бесінші толқынын аяқтадық дегенді білдірмейді. Бұл әлі де жалғасып жатыр. Сондықтан бүгінгі күні маска режимін алып тастау мәселесі қарастырылмаған», - деп жауап берді Әсел Қалықова.
 

Айта кетейік, Алматы 27 ақпаннан бері коронавирус бойынша «жасыл» аймаққа ауысты. Инфекция жұқтырғандар саны төмендеп келеді. Мәселен, соңғы тәулікте 68 адамнан коронавирус анықталды. Барлық емделіп шығарылғандар – 27, келіп түскені – 22. Инфекциялық стационарларда 283 адам жатыр. Оның 10 бала. Жалпы реанимация және қарқынды терапия бөлімшесінде – 32 науқас бар.

Қазір оқып жатыр

«Бағаны түсіруге мәжбүр болады»: қазір пәтер алған тиімді ме?

.

БҚО-да оқушы баланы 10 мың вольттық ток соғып, қаза болды

Ток соқты

Қазақстан Қырғызстанға мұнай транзитін бастады

мұнай

Qarmet-тің жаңа нысандары нақты келбетке ие бола бастады

Qarmet