USD
USD
USD

Маска кимегендер дүкендерге кіре алмайды

Алматы әкімдігі 28 наурыздан бастап қалада қандай шектеулер күшіне енгенін хабарлады.

Маска кимегендер дүкендерге кіре алмайды
Фото: NEGE.kz

Алматы, NEGE. Бүкіл аумақтық мемлекеттік органдар мен оларға қарасты ведомстволар, заңды тұлғалар жұмыс күнін барынша қысқартуы тиіс. Сондай-ақ олар ғимаратқа күніне кем дегенде екі рет дезинфекция жасап, тазалау арқылы өз жұмыскерлерінің және клиенттерінің қауіпсіздігін қамтамасыз етуі керек.

Одан бөлек, дәріхана, дүкен және медициналық мекеме сияқты өзге де ұйымдардың кіріп-шығатын есігінің маңында санитайзер орнатылады.

«Ғимарат ішінде адам санының көп болмауына мән берілгені дұрыс. 20 шаршы метрде бір адамнан артық жүрмеуге тиіс. Мекеменің ішінде де, сыртында да адамдар арасындағы қашықтық екі метрден кем болмасын. Кезекте бес адамнан артық тұрмауын қатаң қадағалау керек. Ғимараттың ішіне арнайы қорғаныс құралынсыз (медициналық маскасыз) кіргізбесін» делінген Алматыда карантин режимін күшейту жөніндегі қосымша шаралар тізімінде.

Қазір оқып жатыр

Михаил Ломтадзе: Kaspi.kz-тің мақсаты – клиенттерге арналған әлемдегі үздік AI-сервистердің бірін жасау

Ломтадзе

Астана тұрғыны бұрынғы әйелінің үстіне жанғыш сұйықтық құйып, өртеп жіберемін деп қорқытқан

Бөтелке ұстаған ер адам

Бензин бағасының төмен болуы инвестор тартуға кедергі келтіреді – Бектенов

Мұнай өңдеу саласын дамыту мәселелері жөнінде кеңес

Exclusive-ке жасалған DDoS-шабуылға «Қазақтелекомның» қатысы бар ма?

Қазақтелеком