USD
USD
USD

Маск Twitter желісіне өзгертулер енгізуді ұсынды

 Америкалық кәсіпкер Илон Маск Twitter Blue ақылы жазылушыларының барлығына әлеуметтік желінің расталған қолданушысы мәртебесін беруді ұсынды.

Маск Twitter желісіне өзгертулер енгізуді ұсынды
Фото: NEGE.kz

Алматы, NEGE. Ол бұл идеясын твит арқылы жариялады. «Twitter Blue жазылушыларының әрқайсысы (яғни, айына $3 төлейтіндер) аутентификация белгісін алуы тиіс», – деп жазды Маск. Айта кетейік, ол таяуда Twitter компаниясының ірі акционері атанған. Кәсіпкер желінің АҚШ-тан тыс жерлердегі пайдаланушылары үшін жазылым құны қолжетімділікке сай болуы керегін айтады.

Сонымен қатар, Dogecoin криптовалютасы арқылы төлем жасау мүмкіндігі туралы тұспалдады. Маск жазылым функциясын түбегейлі өзгертуді ұсынды. «Бағасы айына $2 айналасында болуы тиіс, бірақ алдын ала 12 айға төлем жасалуы керек. Аккаунт қанат белгісін 60 күн өткен соң ғана алады. Ал, парақша алаяқтық немесе спам үшін қолданылса, онда жабылады және төлеген ақшасы қайтарылмайды», – деді кәсіпкер. Еске салсақ, өткен күзде Twitter-дің негізін қалаған Джек Дорси компанияның бас директорлығынан кеткен болатын.

Қазір оқып жатыр

Әлібек Қуантыров Экология және табиғи ресурстар министрлігін басқаратын болды

Экология және табиғи ресурстар министрі

Мұрат Мұханов төтенше жағдайлар министрлігінің жаңа басшысы болып тағайындалды

ТЖМ

Премьер-министрдің орынбасарлары мен министрлердің көбі өз орнында қалды

үкімет

Сәтпаев Англияда алғаш рет матчтың үздік ойыншысы атанды

Дастан Сәтпаев