USD
USD
USD

Мәсімовтың ісі бойынша тергеу аяқталды

Ұлттық қауіпсіздік комитеті бұрынғы басқарма басшылары мен басқа да лауазымды тұлғаларға қатысты қылмыстық істі тергеудің аяқталғанын хабарлады.

Мәсімовтың ісі бойынша тергеу аяқталды
Фото: NEGE.kz

Алматы, NEGE. "ҰҚК Комитеттің бұрынғы басшылығы К.К.Мәсімовке, А.Т. Садықовқа, Д.Е. Ерғожинге, М.С. Осиповке және лауазымды тұлғалары Д.М. Акиповке, Н.К. Бекмұратқа қатысты қылмыстық істі тергеуді аяқтады", - делінген хабарламада. 

- Мәсімовтің және Садықұловтың әрекеттері Қылмыстық кодекстің 175-бабы 1-бөлігі (мемлекетке опасыздық жасау), 179-бабы 3-бөлігі (билікті күшпен басып алу) және 362-бабы 4-бөлігі 3-тармағы бойынша (билікті немесе лауазымдық өкілеттіктерді асыра пайдалану);

- Ерғожин ҚК 179-бабы 3-бөлігі (билікті күшпен басып алу) және 362-бабы 4-бөлігі 3-тармағы бойынша (билікті немесе лауазымдық өкілеттіктерді асыра пайдалану);

- Осипов ҚК 362-бабы 3-бөлігі бойынша (билікті немесе лауазымдық өкілеттіктерді асыра пайдалану);

- Акипов және Бекмұрат ҚК 362-бабы 1-бөлігі бойынша (билікті немесе лауазымдық өкілеттіктерді асыра пайдалану) сараланды.

Қазіргі уақытта күдіктілерді іс материалдарымен таныстыру жүргізіліп жатқаны айтылды.

"Іс материалдарымен танысу кезеңіне қамауда ұстау мерзімі Мәсімов пен Садықұловқа 6 қазанға дейін, Ерғожинге 13 қазанға және Өсіповке 22 қазанға дейін ұзартылды", - делінген хабарламада.

Қазір оқып жатыр

Қоқыстан табылған нәресте өлімі: прокурор экс-полицейді өмір бойына соттауды сұрады

Пәкістандағы өрт

Alatau City мен оңтүстіккореялық компаниялар қаланың цифрлық егізінің пилоттық жобасын іске қосады

Alatau

Астанада жол ережесін 306 рет бұзған жүргізуші 10 тәулікке қамалды

Күдікті

«Самұрық-Қазына» басшысы Тоқаевқа 21 трлн теңге жұмсалатын жобалар туралы баяндады

"Самұрық-Қазына" қоры