Мәсімов ұсталды
Қамауда жатқан Кәрім Мәсімовтің туысы – Павлодар облыстық ПД-ның бұрынғы басшысы Нұрлан Мәсімов ұсталды. Антикор оның шекарадан өтпек болғанда ұсталғанын хабарлады.
Елорда, NEGE. «Сыбайлас жемқорлыққа қарсы іс-қимыл агенттігі қылмыстық қудалаудан жасырынған адамдарды іздестіруге ерекше назар аударады.
Ағымдағы жылғы 13 шілдеде антикоррупиялық қызметі шекара қызметімен бірлесіп жедел-іздестіру шараларының нәтижесінде Шығыс Қазақстан облысының аумағында Ресей Федерациясымен мемлекеттік шекараны жалған құжаттар бойынша өту әрекеті кезінде Нұрлан Мырзаханұлы Мәсімовті ұстады.

Павлодар облысы полиция департаментінің экс-бастығы аса ауыр коррупциялық қылмыс жасағаны үшін іздестірілді», – деді Антикордың баспасөз қызметі.