USD
USD
USD

Мәсімов пен Лукашенко не туралы сөйлесті?

БЕЛТА ақпарат агенттігі Беларусь президенті Александр Лукашенко мен Қазақстан Ұлттық қауіпсіздік комитетінің төрағасы Кәрім Мәсімовтің Минскіде кездескенін хабарлады.

Мәсімов пен Лукашенко не туралы сөйлесті?
Фото: NEGE.kz

Агенттіктің хабарлауынша, А.Лукашенко мен К.Мәсімов екі ел арасындағы арнайы қызмет саласының әріптестігін талқылаған.

«Біздің төрағамен (Беларусь мемлекттік қауіпсіздік комитетінің төрағасы – ред.) не туралы келісеңіздер, біз соны бұлжытпай орындаймыз. Бізге және Қазақстанға қай жерде жұмыс істеу тиімді әрі қажет болса, бірге жұмыс атқарамыз», – депті А.Лукашенко.

Сондай-ақ ол екі алдің арнайы қызметіне қосымша байланыс орнатып, «нәзік мәселелер» бойынша шешім қабылдап, талқылау жасауды ұсынған.

Жуырда Душанбеде Ұжымдық қауіпсіздік шарты ұйымының саммиті өтеді. Лукашенко саммит барысында Қазақстан президенті Қасым-Жомарт Тоқаевпен кездесуді жоспарлап отырғанын айтты.

ҰҚК төрағасы К.Мәсімов пен Беларусь МҚК төрағасы И.Тертель.

«Президентке қатысты жолдарыңыз болды. Халық үшін, мемлекет үшін бірлесіп жұмыс істеуді сіздерден үйрену керек», – деп мақтау айтқан Лукашенко көпшік қоя кетуді де ұмытпады.

Минскіге келмес бұрын К.Мәсімов Тұңғыш президент Н.Назарбаевтың және қазіргі Президент Қ.Тоқаевтың қабылдауында болыпты.

«Олар (Назарбаев пен Тоқаев – ред.) сізге дұғай сәлем жолдады. Нұрсұлтан Әбішұлы: «Менің ескі досыма сәлем айт», – деді. Қасым-Жомарт Кемелұлы да 16 қыркүйекте Душанбеде өтетін ҰҚКШ саммиті барысындағы кездесулеріңіздің алдында талқылайтын мәселелерді пысықтауды тапсырды.

Менің ойымша, бізде талқылайтын мәселе жеткілікті. Өйткені біз – дос елдерміз, мақсат-мұратымыз бір, бір-бірімізге көмектесуіміз керек», – деді К.Мәсімов.

Лукашенко мен Мәсімовтің мемлекеттік қауіпсіздік мәселесін талқылағаны түсінікті. Ал енді Беларусь президенті айтқан «нәзік мәселелер бойынша шешім қабылдауды» әркім әртүрлі түсінеді...

Қазір оқып жатыр

Өзбекстан құрамасы Конгоға есе жіберіп, әлем чемпионатындағы ойынын аяқтады

Өзбекстан құрамасы

Жамбыл облысында 1 млрд теңгедей қаржыға салынған канал опырылып түсті

Қарақат каналы

Асу Алмабаев UFC турнирінде мерзімінен бұрын жеңіске жетті

.

Ертісбаев ҚХП тізгінін Шоқановқа тапсырды

.