USD
USD
USD

Машкевичтің яхтасы Сент-Барт аралына келіп тоқтады...

Дәстүр бойынша, жыл аяғында миллиардерлер Кариб теңізіне жиналып, яхталарын бір-біріне паш етеді. "Кімдікі үлкен", "Кімдікі ұзын" деген бәсекелестіктің қызатыны осы тұс. Биыл олигархтардің көбісі Сент-Барт аралына зәкір тастап, осы аралда жаңа жылды қарсы алатын болды деп жазады, Forbes.  

Машкевичтің яхтасы Сент-Барт аралына келіп тоқтады...
Фото: NEGE.kz

Білетіндер, биыл суперяхталардың шайқасы ерте басталды дейді. Сент-Барт осы жылы дауылдан қатты зардап шеккен. Бірақ соған қарамай, арал тез қалпына келтіріліп, жасыл желекпен көмкеріліп үлгеріпті.

Сент-Барт аралы. Фото: forbes.ru

Бірнеше танымал миллиардер қазірдің өзінде Сент-Бартқа, көршілес Сент-Мартин мен Антигуаға сапар шегіп қайтқан. Араларында Рождествода Антигуа аралында қалатындар да бар. Бірақ барлығы дәстүрлі отшашу өтетін Сент-Барттағы мейрамға қатысады. Олигархтардың арасында WhatsApp-тың негізін қалаушы Ян Кум, дизайнер Томми Хилфигер, "Челсидің" қожайыны Роман Абрамович, "Монако" футбол клубының иесі Дмитрий Рыболовлев пен ERG директорлар кеңесінің төрағасы Александр Машкевич бар. 

Lady Lara. Фото: forbes.ru

Lady Lara - Александр Машкевичтің яхтасы. Ұзындығы 90,8 метр. Басқа миллиардерлердің яхтасына қарағанда шағындау болып саналады. Мысалы "Eclipse" деп аталатын Роман Абрамовичтің яхтасының ұзындығы 162,5 метр. 

Eclipse. Фото: forbes.ru

Биыл жаңа жылдық кештер Сент-Барттың түнгі клубтарында өтпек. Оның ішіндегі ең әйгілі "Nikki Beach Beach" клубында супер жұлдыз DJ Kygo олигархтар алдында өнер көрсетеді.

Қазір оқып жатыр

Тоқаев Трамптан хат алды

Тоқаев, Трамп

Бюджеттен миллиардтар бөлінген «Тұран» клубын бар болғаны 737 мың теңгеге сатпақ

.

Temu жарнамасы Австрияда жосықсыз деп танылды

Temu

Алматы облысының тұрғыны алимент төлеу үшін бүйрегін сатпақ болған

Бүйрек сату