USD
USD
USD

Машкевич Мұхамбетовті НЕГЕ менсінбейді?

Александр Машкевич бастаған олигархтардың жүрген жеріне шөп шықпайтын болды. Еуразиялық үштік Қазақстандағы кәсіпорындары – «Қазхром» мен «Соколов-Сарыбай кен-байыту өндірістік бірлестігіне» ВТБ банкінен несие рәсімдеген. Бірақ ол қарызды өтемеген. Бұл қарыз енді Қазақстан үкіметінің мойнына артылуы бек мүмкін.

Машкевич Мұхамбетовті НЕГЕ менсінбейді?
Фото: NEGE.kz

Қостанай облысының әкімі Архимед Мұхамбетов Орталық коммуникациялар қызметінде есеп берді. Nege тілшісі әкімге «Соколов-Сарыбай кен-байыту өндірістік бірлестігіне» қатысты сұрақ қойды. Мұхамбетов машкевичтердің іс-әрекетін білмейтін болып шықты. Оның себебі бар: олигархтар Қостанай облысының әкіміне есеп бермейді. Тіпті менсінбеуі де мүмкін.

Егер Мұхамбетов мықты болса, машкевичтер иегінің астында немен айналысып жатқанын мұқият қадағалап, есебін алып отыратын еді ғой, бірақ әкім көп нәрсені білмейтін болып шықты.

«Соколов-Сарыбай кен-байыту кәсіпорны – бүгінгі таңда Рудный қаласының ең ірі мекемесі. Қазір ол жерде облысымыздың 17 000 адамы жұмыс істеп жатыр. Қазіргі геосаяси жағдай кері әсерін тигізіп тұр. Мекеме қазір тұрақты жұмыс істеп жатыр. Облысымыздағы ең жоғары жалақыны да алатын сол мекеменің мамандары. Бірақ Соколов-Сарыбайдың банкте кепілде тұрғанын білмейді екенмін. Ол туралы менде ақпарат жоқ»,– деді А.Мұхамбетов.

Бұған дейін ERG-ге қатысты мәселе бойынша Қостанай облысы әкімдігіне де, Қаржы министрлігіне де ресми сауал жібергенбіз. Министрлік сауалдарымызға «жабық ақпарат» деп жауап берді. Бәлкім, машкевичтер ҚР Премьер-министрінің орынбасары – қаржы министрі Е.Жамаубаевты да менсінбеуі мүмкін. Өйткені біз ешқандай да құпия мәлімет сұратқан жоқпыз.

Қостанай облысының әкімі ешқандай ресми сауал қолына тимегенін айтып ақталды. Өндіріс орнының бюджетке қанша салық төлеп отырғанын айта алмады. «Кен орнынан түсетін жергілікті салықты міндетті түрде сіздерге баяндаймын. Ресми сауалдарыңызға жауап беремін», – деп уәде берді.

Қазір оқып жатыр

Атырау мұнай өңдеу зауытында төтенше жағдайлар кезінде 100 тоннадан астам газ жағылған

Атырау мұнай өңдеу зауыты

Мешітте балаларды ұрған ұстазға қатысты қылмыстық іс қозғалды

Мешіт ұстазы

Көршісі ұрып, кейін өзі арыз жазған: әнші BikaBreezy ақталды

Bikabreezy

Каспийдегі сарбаздардың қазасы: әскери-теңіз күштерінің бұрынғы бас қолбасшысы Қанат Ниязбеков қамауға алынды

Қанат Ниязбеков