USD
USD
USD

Мәселе Мексикасыз шешілді

Мексиканың қырсығып отырғанына қарамастан, ОПЕК+ өзара келісімге келді. Енді мұнай бағасының көтерілуін күтеміз. 2 күн бұрын мұнай бағасын барреліне 20 доллар көрсеткішімен қабылдаған Қазақстан бюджеті үшін бұл жақсы жаңалық.

Мәселе Мексикасыз шешілді
Фото: NEGE.kz

Сонымен, ОПЕК+ елдері 1 мамырдан 30 маусымға дейін мұнай өндірісін күніне 10 млн баррельге қысқартуға келісті. Келісім екі жылға есептелген. Соның өзінде қатысушылар бір жарым жылдан кейін келісім шарттарын қайта қарау мүмкіндігін де шегелеп алды. Бүгінгі жаңалықтар мұнай бағасын қаншаға көтеретіні белгісіз. Бірақ сарапшылар, фьючерс саудасының қортындысы бойынша жағымды жаңалықтар болатынына сеніп отыр.

Осының алдында Мексиканың қырсығып отырғанын жазған болатынбыз. Мексика ақыры келіссөздерден тыс қалды. Демек ОПЕК+ қатысушылары құрамынан шығуы мүмкін.

Тақырыпқа орай: Экономикамыз Мексикаға қарап қалды

 

Мұнай экспорттаушы елдер ұйымы мүшелерінен басқа ОПЕК + құрамына Ресей, Әзірбайжан, Қазақстан, Мексика, Малайзиялар кіреді. OPEC+ шартына Мексика қатыспаса, әлемдік өндірісті азайту мүмкін емес. Сауд Арабиясы мен Ресей өндірісті тәулігіне 8,5 миллион баррельге, яғни 11 миллион деңгейден 23 пайызға, қалған елдер базалық деңгейден 23 пайызға дейін азайтуға дайын.

Қазір оқып жатыр

Тоқаев Түркі мемлекеттері ұйымын әскери альянс ретінде сипаттайтындарға жауап берді

Қасым-Жомарт Тоқаев

Нұрәлі Әлиев нағашы әжесі Сара Назарбаеваның ісін қолға алмақ

Назарбаева

Қырғызстанда ММА шебері Медет Жээналиев қаза болды

Медет Жээналиев

1 маусымда «Алматы жастары» бағдарламасына өтінім қабылдау басталады

Алматы жастары