USD
USD
USD

Масадан мал қырылып жатыр

Павлодар облысында шыбын-шіркейдің беті қайтар емес. Облыс орталығында жағдай біршама тұрақталды. Әсіресе, ауыл жұртының масадан мазасы кетті

Масадан мал қырылып жатыр
Фото: NEGE.kz

, деп хабарлайды  24.kz.

Павлодар, NEGE. Ақтоғай ауданына қарасты Қожамжар ауылының тұрғындары қансорғыш жәндіктердің көптігі сонша, қорадағы қойлар арам өліп жатыр дейді. Мұрат Әбдумәліков тоқтысының өліп қалғанын таңертең көрген. Өрістен сау келген марқаның аурудан өлмегенін айтады. Маса мен шіркейге шыдамаған иттер де түні бойы қыңсылап шығады.

Мұрат Әбдумәліков, Қожамжар ауылының тұрғыны:

3 күн бойы, міне, маса талап жатыр. Таң атқанша түтін салып жүреміз. Иә, масадан өлді. Басқа неден? Иттер, әне, жатыр бәрі тығылып, сарайдан шықпайды ешқайда.

Өлген малдан алынған сынама сараптамаға жіберілді. Әбден мезі болған көпшілік жағдайды қалта телефондарына түсіріп, әлеуметтік желілерге жүктеген. Ал ауданның атқа мінерлері болса улау жұмыстары жүріп жатқанын айтады. Бұл үшін биыл 602 миллион теңге бөлінген.

Ермек Машрықов, Ақтоғай ауданы әкімінің міндетін атқарушы:

Ақтоғай ауданының бюджетінен 1 млн. 380 мың теңге ақша бөлінді. Ол ақшаның 510 мыңы препарат сатып алуға, сонан кейін 288 қалған сомасы обработка жасауға, уландыру жұмыстарын жасауға бөлінді. Өтес ауылынан бастап барлығында уландыру жұмыстарын әлдеқашан бастадық. Бүгінгі күні 4 рет уландыру жұмыстары жүргізілді. Бұл жұмыс әлі де жалғастырылуда. Ертең, бүрсігүндері Ақтоғай басына тағы да жасайын деп жатырмыз.

Қазір оқып жатыр

Әр облыс жастар ипотекасы үшін бюджетінен 1 млрд теңге бөлу керек – «Әділет» кандидаты нақты ұсыныс айтты

.

Тоқаев: «Болашақ ойындары» елдер арасындағы алтын көпірге айналады

.

Қостанайдағы әлеуметтік қызмет көрсету орталығында 14 жастағы мүгедек бала көз жұмды

Мекеме

Сауда министрлігі: Wildberries-тен Қазақстанда қойма салуға ресми өтініш түскен жоқ

Wildberries