USD
USD
USD

Масанчи оқиғасы: Тоқаев мәлімдеме жасады. Комиссия құрылды

Қордай ауданындағы қақтығысқа орай Мемлекет басшысы Қасым-Жомарт Тоқаев мәлімдеме жасады.

Масанчи оқиғасы: Тоқаев мәлімдеме жасады. Комиссия құрылды
Фото: NEGE.kz

Мәлімдемеде "Бүгін түнде Жамбыл облысы Қордай ауданында жергілікті тұрғындар арасында жаппай төбелес, жанжал болды. Бұл ахуалды арандатушылар өз мақсатына пайдаланды. Өкінішке қарай, бұл оқиға кезінде адам шығыны болды. Мен қаза болған азаматтардың отбасыларына көңіл айтамын. Зардап шеккендердің тезірек сауығып кетуіне тілектеспін" - делінген.

Қазір полиция мен Ұлттық ұлан бұл жағдайды бақылауға алды. Осыған орай, мен Үкімет комиссиясын құруды тапсырдым. Оған Премьер-Министрдің орынбасары Бердібек Машбекұлы Сапарбаев төрағалық етеді. Үкімет комиссиясы болған оқиғаның себебін анықтайды.

"Жамбыл облысы әкімімен бірлесіп, қаза болғандарды жерлеу, зардап шеккендерге көмектесу жұмыстарын ұйымдастырады. Сондай-ақ, жағдайды тұрақтандырумен айналысады. Қоғамдық тәртіпті бұзғандар анықталып, қатаң жауапқа тартылатын болады. Бас прокуратураға, Ұлттық қауіпсіздік комитетіне тиісті тапсырма бердім. Мемлекетіміздің мүддесіне зиян келтіретін, береке-бірлігімізді бұзатын және жалған ақпарат таратқан азаматтар заң алдында жауап береді" - деп кесіп айтты, Мемлекет басшысы.

Қазір оқып жатыр

«Өзекті мәселелерді талқылады»: Тоқаев пен Путин телефон арқылы сөйлесті

Тоқаев, Путин

Ақтөбе облысында екі жүзге жуық адам уланып қалған мейрамхана заңсыз жұмыс істеген

мейрамхана

Елордадағы LRT-ға Tarlan Astana атауы берілді

ЛРТ

Алматыда такси жүргізушісі шетелдіктерді әуежайдан орталыққа дейін 72 мың теңгеге апарған

Такси