USD
USD
USD

Масаң күйдегі ер адам іш киіммен стадионда жүрген (видео)

Павлодар облысы Ертіс ауылында 41 жастағы тұрғын Орталық стадион аумағында іш киіммен жүрген.

Масаң күйдегі ер адам іш киіммен стадионда жүрген (видео)
Фото: NEGE.kz

Алматы, NEGE. Келген полицейлерге ер адам өзінің десантшы екенін және Орталық стадионды күзетіп жүргенін айтқан. Ауыл тұрғынына қатысты ұсақ бұзақылық жасағаны үшін ҚР ӘҚБтК-нің 434-бабы 1-бөлігі бойынша әкімшілік хаттама толтырылды. Материал сотқа жіберілді. Оның шешімімен 7 тәулік мерзімге әкімшілік қамауға алу түрінде әкімшілік жаза қолданылды және үш ай мерзімге ерекше талаптар белгіленді.

– Сонымен қатар ер адам ҚР ӘҚБтК-нің 440-бабы 1-бөлігі "Алкогольдік ішімдіктерді ішу немесе қоғамдық орындарда мас күйінде жүру" бойынша әкімшілік жауапкершілікке тартылды, – деді Павлодар облысы Ертіс аудандық полиция бөлімінің жергілікті полиция қызметі бөлімшесінің бастығы Сұңғат Әбенов.

Қазір оқып жатыр

Үш өңір, үш дүрбелең: ҰҚК-нің жаңа төрағасы Марат Ирменов туралы не белгілі?

.

Жақыпов пен Отыншиевтің ұсталуы ҰҚК басшысының кетуіне әсер етті ме?

Ермек Сағымбаев

Дүниежүзілік банк Қазақстанға «7-20-25» бағдарламасын кезең-кезеңімен тоқтатуды ұсынды

Тұрғын үй

Қамауда 119 бала отыр: министр олардың оқу мәселесін қалай шешпек?

сотталған