2026 жылғы 25 қыркүйек – Қазақстан Республикасындағы жалпыұлттық аза тұту күні 25 сентября 2026 года – День общенационального траура в Республике Казахстан
USD
USD
USD

Мас жүргізушінің кесірінен екі полицей қаза болды

Алматыда апаттан жарақат алған екінші полиция қызметкері қайтыс болды. Таңертең сағат 05.30 шамасында Алматы облысы Қарасай ауданы Көксай ауылында болған жол-көлік оқиғасында жарақат алған полиция сержанты Дастан Әбдіканов есін жимастан ауруханада қайтыс болды, – деп хабарлайды Polisia.kz.

Мас жүргізушінің кесірінен екі полицей қаза болды
Фото: NEGE.kz

Алматы, NEGE. Еске салсақ, осы апат салдарынан полиция аға лейтенанты 1978 жылы туған Жалғас Жанғазиев оқиға орнында қайтыс болды. №4 бақылау-өткізу пунктінің бетон қоршауына, содан кейін патрульдік көлікке соғысқан жүргізуші мас күйінде болған. Жеке іс материалдарынан: Жанғазиев Жарас Сұлтанғазыұлы, 1978 жылы туған, Батыс Қазақстан облысының тумасы. Құқық қорғау органдарында 2001 жылдан бастап қызмет етті. Үйленген, екі қыз тәрбиелеп отырған (оқиға орнында қайтыс болды). Полиция сержанты Әбдіканов Дастан Маратжанұлы, 1994 жылы туған, Алматы қаласының тумасы. Ол полицияда 2016 жылдан бері қызмет еткен. Үйленген, бір қыз тәрбиелеп отырған (1 айлық) (ауруханада қайтыс болды).

Қазір оқып жатыр

Маңғыстауда қаза тапқан әскерилердің отбасыларына жиналған қаражатты арнайы комиссия бөледі

Бозымбаев

«Жауапкершіліктен жалтармаймыз»: Қорғаныс министрі Каспийдегі трагедиядан кейін алғаш рет мәлімдеме жасады

Қорғаныс министрі

Қаза тапқан әскери қызметшілердің отбасыларына кім және қандай көмек көрсетпек?

Қаза тапқан әскерилер

Рөлі істен шығуы мүмкін: Volkswagen мен Audi-дің 900 мыңға жуық көлігі кері шақырылды

Көліктер