USD
USD
USD

Мас жолаушы Алматы әуежайының қызметкеріне шабуыл жасады

Алматы халықаралық әуежайының қызметкеріне мас жолаушы шабуыл жасады. Көліктегі полиция департаменті бұл факті бойынша сотқа дейінгі тергеу басталғанын мәлімдеді, деп хабарлайды Zakon.kz.

Мас жолаушы Алматы әуежайының қызметкеріне шабуыл жасады
Фото: NEGE.kz

Алматы. NEGE. «Алматы әуежайының қызметкеріне тіл тигізіп, жанжал шығарған құқық бұзушыға ҚР Қылмыстық кодексінің 293-бабы, 1-бөлімі бойынша әуежайдағы желілік полиция бөлімінің қызметкерлері сотқа дейінгі тергеу амалын бастады», - деді Көліктегі полиция департаменті баспасөз қызметі.

Сонымен қатар ер адамға Әкімшілік құқықбұзушылық кодексінің 440-441-бабы бойынша айыппұл салынды. Дәлірек айтқанда «Алкогольдік ішімдіктерді ішу немесе қоғамдық орындарға мас күйде келу» және «ҚР заңнамасында белгіленген жерлерде темекі өнімдерін тұтынуға тыйым салуды бұзу» бойынша айыппұл салынып отыр.

Медициналық сараптаманың қорытындысына сай, 40 жастағы жолаушы жеңіл дәрежелі алкогольдік масаң күйде болған.

Сонымен қатар мас ер адам авиациялық қауіпсіздік жөніндегі аға инспекторға дөрекі әрекет етіп, оны қорқытқан.

Қазір оқып жатыр

«Ауылда» да төраға ауысты: Егізбаев орнын босатты

.

Оңтүстікте жұмыс уақытында құмар ойын ойнаған шенеуніктер қызметінен қуылды

.

26 маусымда Парламент Палаталарының бірлескен отырысы өтеді

Парламент

«Ертіс қателікті кешірмейді»: Павлодар облысының әкімі тұрғындарға үндеу жасады

Ертіс