USD
USD
USD

Мас күйінде көлік жүргізгендер тыйылмай тұр

Ақтөбе облысында көлік басқару құқығынан айырыла тұра, мас күйде рөлге отырған жүргізуші уақытша ұстау изоляторына қамалды, – деп хабарлайды Polisia.kz.

Мас күйінде көлік жүргізгендер тыйылмай тұр
Фото: NEGE.kz

Алматы, NEGE. Ақтөбе облысы Полиция департаментінің қызметкерлері жүргізушілермен үнемі рейдтермен түсіндірме жұмыстарын өткізіп тұрады. Бұл іс-шаралар өзінің оң нәтижесін бергенімен, мәселе өкінішке орай қалып отыр. 12 мамыр күні сағат 01.20 шамасында патрульдік полиция қызметкерлері Жанақоныс ауылының Советская көшесі мен Алматы көшесі қиылысында басқару құқығынан айырылған адам бола тұра мас күйінде көлік құралын басқарған 28 жастағы жүргізушінің басқаруындағы “Газель” (ресейлік есептегі) автокөлігі тоқтатылды. Сол күні Маметова көшесі мен Әбілхайыр хан даңғылының қиылысында бұрын басқару құқығынан айырылған 35 жастағы есірткі пайдаланған жүргізушінің басқаруындағы “Ваз-21115” маркалы көлік тоқтатылды. Қазіргі уақытта екі жүргізуші де Ақтөбе қаласы ПБ уақытша ұстау изоляторына қамалды. Тергеу амалдары жүргізіліп жатыр. Қылмыстық құқық бұзушылықтар жасау жүргізушілердің мемлекет белгілеген шектеуді қасақана елемеу болып табылады. Жүргізушінің іс-әрекеті тұрғындардың өмірі мен денсаулығына нақты қауіп төндіреді.

Қазір оқып жатыр

Сайлау күні онлайн-сервистер жұмыс істейді

сайлау

Тоқаев Қытай мен Еуропа арасында «алтын көпір» болатын жол құрылысын бастап берді

Қасым-Жомарт Тоқаев

Астанадағы танымал мейрамхана дауына қатысты полиция мәлімдеме жасады

мейрамхана

Қазақстанда аптап ыстықтан отыздай адам қайтыс болды

күн өту