USD
USD
USD

Мас күйінде көлік жүргізген әкім жұмысынан босатылды

Маңғыстау облысында көлікті мас күйінде басқарып, көпшіліктің наразылығын тудырған Форт-Шевченко ауылының әкімі жұмысынан босатылды. Әдеп кеңесінде оның ісі қаралып, комиссия мүшелері осындай шешім қабылдады, деп хабарлайды 24.kz

Мас күйінде көлік жүргізген әкім жұмысынан босатылды
Фото: NEGE.kz

Астана. NEGE. 4 қаңтар күні бұрынғы шенеунікті «Ақтау - Форт-Шевченко» тас жолының 3 шақырымында келе жатқанда полицейлер тоқтатқан. Шалқыбай Әзірбаевқа жүргізілген медициналық сараптама нәтижесінде жеңіл дәрежеде мас күйде болды деген қорытынды берілген.

Осы оқиға бойынша түсірілген видео әлеуметтік желіде де белсенді талқыланды. Көпшілік әкімнің ерсі қылығын сынап тастады.

 Осыған дейін экс-әкімнің ісі сотта қаралып, 15 тәулікке қамауға алу және 7 жылға жүргізуші куәлігінен айыру туралы үкім шығарылған еді.

Қазір оқып жатыр

Жаңа оқу жылы: Қазақстан мектептеріндегі өзгерістер қандай?

оқушылар

Атырау облысында 12 мың орындық 7 жаңа мектеп пайдалануға берілді

Атырау облысы жаңа оқу жылы

Ресей «Байқоңыр» мен әскери полигондарды жалға алғаны үшін Қазақстанға 64,8 млрд теңге төлейді

«Байқоңыр» кешенін жалдау ақысы

Қазақстандықтарға «неке мерзімін ұзарту» туралы жалған хабарлама тарады

хабарлама