USD
USD
USD

Мас күйінде көлік айдайтын әйелдер көбейді

Шығыс Қазақстан облысында ішімдік ішіп көлік айдайтын әйелдер саны артты, деп хабарлайды ҚазАқпарат тілшісі.

Мас күйінде көлік айдайтын әйелдер көбейді
Фото: NEGE.kz

Алматы, NEGE. ШҚО мамандандырылған ауданаралық әкімшілік сотының мәліметіне сүйенсек, облыс бойынша жыл басынан бері алкогольді ішімдік ішіп көлік тізгініне отыратын әйелдер саны екі есеге жуық артқан.

«Өткен жылдың 6 айындағы көрсеткішке сәйкес, Шығыс Қазақстанда ҚР ӘҚБтК-нің 608-бабы бойынша (көлік құралын мас күйінде жүргізу) 19 әйел жауапқа тартылған болатын. Ал осы жылдың сәйкес кезеңінде 37 әйел мұндай қылмыс жасағаны үшін сотқа тартылды. Өкінішке қарай, әйелдер арасында осындай теріс статистика байқалып отыр», - дейді судья Ирина Дорош.

Оның айтуынша, аталған бапты бұзғандар он бес тәулікке әкімшілік қамаққа алуға және жеті жыл мерзімге көлік құралын басқару құқығынан айыру жазасын тартылады.

Қазір оқып жатыр

Министр Сәденов олигарх Рашид Сарсеновтың «крышасы» ма?

.

Қытай мен Непал шекарасында жоғалып кеткен қазақстандықтардан әлі хабар жоқ – СІМ

су тасқыны

Ақмола облысында істің қаралуын созбалаңға салған әкімге жаза тағайындалды

ақша

Вячеслав Ким Alatau City-де көпфункционалды хабты іске қосты

Вячеслав Ким