USD
USD
USD

Мас күйде көлік жүргізген жігіт бас бостандығынан айырылды

 Атырауда мас күйде көлік руліне отырған жігіт 6 айға бас бостандығынан айырылды.

Мас күйде көлік жүргізген жігіт бас бостандығынан айырылды
Фото: NEGE.kz

Алматы, NEGE. Облыстық полиция департаментінің баспасөз қызметінен мәлім еткендей, жыл басынан бері жүргізуші куәлігінен айырылған және алкогольдік, есірткілік, уытқұмарлық масаң күйдегі адамның көлік құралын басқарған 32 адам ұсталған. «Кеше патрульдік полиция қызметкерлері түнгі сағат 02:45-де «Атырау-Доссор» тас жолының бойында «ВАЗ – 211440» көлігін тоқтатты. Көлік рулінде Махамбет ауданында тұратын 27 жастағы жігіт болған. Тексеру кезінде жас жігіттің бұрын жүргізуші куәлігінен айырылғаны белгілі болды. Соған қарамастан рульге алкогольдік ішімдік ішіп, мас күйде отырғаны анықталды», – деп хабарлады департаменттің баспасөз қызметі.

Мас күйінде көлік басқарған жігітке қатысты толтырылған хаттама сотқа жолданды. Жас жігіт сот отырысында өзінің кінәсін мойындады. Сот үкімімен ол ҚР Қылмыстық кодесінің 346-бабының 1-бөлігімен кінәлі деп танылып, көлік құралын жүргізу құқығынан өмір бойына айырылып, 6 ай мерзімге бас бостандығынан айыру жазасы тағайындалды. Еске сала кетелік, бұдан бұрын Атырауда жыл басынан бері 251 жүргізуші көлік жүргізу құқығынан айырылған еді. 

Қазір оқып жатыр

Тоқаев пара беруге уәде еткендерді де қылмыстық жауапқа тартуды көздейтін заңға қол қойды

Заң

Маңғыстау облысында жұмыссыздар саны артып барады: сарапшылар не дейді?

Маңғыстау облысы

AMANAT «Әділет» партиясына қосылады

.

Данияр Мейірханға қатысты қылмыстық қудалау тоқтатылды – адвокат

Данияр Мейірхан