USD
USD
USD

Мас күйде көлік жүргізетіндер көбейген

Түркістан облысында жыл басынан бері 614 жүргізушінің спиртті ішімдік тұтынып, мас халде көлік басқарғаны анықталған. 606 жүргізушінің ісі сотқа жолданып, хаттамалар толтырылған.

Мас күйде көлік жүргізетіндер көбейген
Фото: NEGE.kz

Алматы, NEGE. Облыстық Полиция департаментінің қызметкерлері жол-көлік апаттарының алдын алу мен жолда жүру ережелерін өрескел бұзушыларды анықтау мақсатында тұрақты түрде рейд шараларын ұйымдастырып келеді.

Оның ішінде мас күйде көлік басқаратындарды анықтау үшін полиция қызметкерлері түнгі уақытта рейдке шығады. Осындай атқарылған іс-шаралардың нәтижесінде 524 азамат әкімшілік қамауға алынып, 48 жүргізуші куәлігінен айырылған.

Мас жүргізушілер 11 жол-көлік оқиғасына себепші болған. Аталған жол-апаттары салдарынан 1 адам қайтыс болып, 16 жолаушы түрлі дене жарақаттарын алды. Өз кезегінде, өңірдің тәртіп сақшылары азаматтарға әрдайым абай болуды және жол қозғалысы ережелерін қатаң сақтау қажеттігін ескертеді.

Жүргізушілерге жылдамдықты асырмау мен маневр жасау ережелерін бұзбауды, қарсы қозғалыс жолағына шықпауды және басқа да құқық бұзушылықтады жасамауды түсіндірді.

Қазір оқып жатыр

Жанабыловтар ісінен сабақ алмаған секілді: Желіде тағы бір блогер ауқымды ұтыс жариялады

Салтанат Аманқосова

Сегіз жылдағы максимум: Қазақстанға Қытайдан қоныс аударушылар саны артқан

Чемодан, саяхат, көшу

Мүфтият айт намазаның кестесін жариялады

Намаз

Сот Атырау облысы әкімінің бұрынғы орынбасары Бақытгүл Хаменованың жазасын жеңілдетті

Бақытгүл Хаменова